ДИКТОР: Жыл басынан бері облыс аумағында 7 бала терезеден құлап кетті. Оның бірінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оқиға Көкшетау қаласында орын алды. Өткен жылмен салыстырғанда мұндай жағдайлардың саны біршама төмендегенімен, мәселе өткір күйінде қалып отыр.
РКС: Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері бұл мәселеге қатысты түсіндіру жұмыстарын үзген емес. Көпқабатты тұрғын үйлердің иелеріне қауіпсіздік туралы жадынама парақшаларын таратып, пәтер иелері кооперативінің мүлік иелері бірлестігінің және білім бөлімдерінің өкілдерімен түрлі жиындар өткізіп келеді. Тұрғындарға қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар шараларды сақтауды ескертеді.
СНХ: БОЛАТ ШАРБЕЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Жыл басынан бері облыс бойынша 7 бала терезеден құлап кеткен. Өкінішке қарай Көкшетауда бір баланың өмірін құтқару мүмкін болған жоқ. Былтырғы жылмен салыстырғанда терезеден баланың құлап кету дерегі азайған. Былтыр 13 жағдай тіркелген.Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қауіпсіздік шаралары туралы ұдайы ескертіп келеді. Ең бастысы балаларды қараусыз қалдырмау керек. Терезені жауып отыруды да ұмытпаған абзал. Көпшілігі қорғаныс торы қауіпсіздік деп ойлайды. Ол жаңсақ пікір. Ашық тұрған терезенің жақтауына мінген бала ең алдымен қауіпсіз екенін ұғынбастан сол торға сүйенеді. Ақыры бала сол тормен бірге құлайды.