ДИКТОР: «Динамо» шаңғы базасында «Арлан» әскери-дала лагері ашылды. Оның ашылуына облыстық полиция департаменті бастамашы болды. Ал қалалық білім бөлімі бұл идеяны бірден қолдады. Лагерь Полиция күніне және шаңғы базасының негізі қаланғанының 10 жылдығына орайластырылған.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Командалық рух, жинақылық пен нағыз шыдамдылық. «Арлан» лагеріне жиылған 100-ден астам оқушының басын дәл осы қасиеттер біріктіргендей. 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатаң сынақтан өтті. Таңмен таласа тұрып Әнұранды бірге шырқап, сапқа тұрудан бастап күштік жаттығыларға дейін орындауда. Одан соң тәртіп сақшыларының орындауындағы қоян-қолтық ұрыс. Эстафета, жүгіру, турникке тартылу мен биіктікке секіру. Лагерь шын мәнісінде күштің, жылдамдық пен мінездің полигонына айналды.

СНХ: БОТАГӨЗ КУСАКАЕВА, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Әскери-дала лагерінің аясында біздің балалар пң алдымен әскери тәртіптің әліппесін үйренеді. Жалпы алғанда бұл шара оқушыларды мамандық таңдауға ерте бастан бағдарлауға бағытталған. Өйткені біздің оқушылар әскери-спорттық, әскери-медициналық сыныптарда оқиды. Сондықтан бұл шара болашақта мамандық таңдауда терең ойлануға септігін тигізеді деп ойлаймын.

РКС: Оқушылар бағдарламаға ерекше қызығушылық танытып отыр. Сонымен бірге ауызбіршіліктің үлгісін де көрсетуде. Балалар мұндай лагерьге келу біз үшін маңызды оқиға,-дейді.

СНХ: ДЕНИС КИШКУНОВ, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл шара менің өз басым үшін тәртіпке үйретеді. Өзіме сенімділігімді арттыруда. Шатыршаны орнатудың кейбір тәсілдерін, автоматты бұзып, қайта жинауды еске түсірдім. Болашақта ұлттық қауіпсіздік саласына оқуға түскім келеді. Сондықтан мен үшін бұл жиынның маңызы зор.

РКС: Бұл лагерь нағыз ерліктің, тәртіп мен командалық рухтың мектебіне айналды,-дейді ұйымдастырушылар. Мұндай шаралар дененің шымыр болу дайындығын нығайтып қана қоймайды. Сонымен бірге жасөспірімдердің қызметке құрметін арттырады. Жауапкершілік, Отансүйгіштік сезімін оятуға ықпал етпек.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ