ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын айқындады. Бұл тұжырымдама мемлекеттік аппараттың халықтың сұраныстарына назар аударуын және ашықтығын арттыруға, қоғам мен билік арасында тиімді диалог орнатуға бағытталған. Жыл басынан бері өңірде мемлекеттік қызметтерді алу барысында әкімшілік кедергілерге тап болған 600-ден астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

РКС: Мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге тап болған азаматтар өз құқықтарын қорғау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департаментке жүгінді. Өтініштердің басым бөлігі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары мен фермерлерге субсидия беру мәселелеріне қатысты болды.

СНХ: ӘНУАР ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Департаментке агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің инвестициялық салымдары кезінде кеткен шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту туралы шағыммен шаруа қожалығы жүгінді. Кәсіпкер жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы бойынша құны 10 290 000 теңге тұратын трактор сатып алған.

РКС: Белгіленген қағидаларға сәйкес, ауыл шаруашылығы техникасы көзделген механизм бойынша сатып алынған жағдайда, төлемді растайтын құжаттарды ұсыну субсидия алу үшін міндетті талап болып табылмайды, - дейді мамандар.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Тексеріс барысында мемлекеттік орган осы қызмет түрін реттйтін қағидаталарды дұрыс пайдаланбағаны анықталды. Яғни, қызмет алушыдан сатып алынған техниканың төлемін растайтын құжаттарды талап еткен. Сол себепті департамент мемлекеттік органға қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру туралы заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді.

РКС: Қорыта келе, шаруа қожалығына 1 миллион теңгеден аса субсидия төленді. Осылайша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың өтініштеріне дер кезінде әрекет етіп, олардың заңды құқықтарын қалпына келтіру арқылы өз қағидаттарын іс жүзінде іске асырып келеді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ