ДИКТОР: Көкшетауда заңсыз активтерді қайтару есебінен бір мың орынға шақталған өңірдегі ең ірі көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
РКС: Заманауи спорт кешені облыс орталығындағы жаңадан бой көтерген Сарыарқа шағынауданында салынып жатыр. Құрылыс ауданы 11 700 шаршы метрден асады. Қазіргі таңда нысанның қаңқасы тұрғызылуда. Жұмысқа жергілікті құрылысшыларды қоса есептегенде 100-ге жуық жұмысшы тартылған.
СНХ: МЕДЕТ БІРІМБАЙ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы нысанды жылдың аяғына қарай таапсыруға жобалап жатырмыз. Сондықтан қазіргі қолайлы ауа райына байланысты біз сыртқы абаттандыру жұмыстарын бастап кеттік және жертөледе инженерлік желілерді и отделочный жұмыстарды бастап кеттік.
РКС: Жаңа спорт кешенінде телескопиялық трибуналары бар әмбебап мәдени ойын-сауық залы, 80 орындық мәжіліс залы, бірнеше күрес залы мен басқа да көптеген бөлмелер қарастырылған.
СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысында арнайы мемлекеттік қордан қаржыландырылып отырған ең ірі жобалардың бірі осы көпфункционалды спорт кешені. Осы нысанды салуға 12,7 млрд тг көлемінде қаржы бөлу қарастырылған. Жалпы өңірімізде қайтарылған актив есебінен салынып жатқан 12 нысанға арнайы қордан 16,5 млрд тг бөлу көзделген.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ