ДИКТОР: Биыл Зеренді ауданының құрылғанына 90 жыл. Осыған орай аудан әкімшілігінің қолдауымен жергілікті дене шынықтыру және спорт бөлімі, өңірдің футбол қауымдастығы кәсіби және әуесқой футболшылар арасында «Ұрпақтар кубогы» атты турнир ұйымдастырды. Аға буын өкілдері команда құрып, жас буынмен бақ сынасты. 8 команда қатысқан турнир тартысты өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ауданның түкпір-түкпірінен жиылған жұрт Зерендінің 90 жылдығын тойлауға келді. Бірақ, бұл жолғы мерекенің жөні бөлек. Аудан әкімдігі тұрғындармен ақылдаса келе, футболшылар арасындағы алтын көпірді сабақтастыру мақсатында осындай турнир ұйымдастырды.

СНХ: ДАСТАН РАХЫМЖАНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі «Ұрпақтар кубогы» тек қана+скл+футбол жарысы емес, ол ұрпақтар сабақтастығының көрсеткіші. Мынау жастармен, өскелең ұрпақ және спорт ардагерлерімен бірге бір поляда, бір алаңда ойнап, бір-бірімен танысып, сонымен қатар, осы спорттық додаға Зеренді ауданының кезінде құрамасында ойнаған барлық азаматтар қатысуда.

РКС: Тартысты бәсеке тек қатысушыларға ғана емес, сонымен қатар, жанкүйерлер үшін де аса маңызды сәт. Мұндағы жанкүйерлердің өзі де спорттан алшақ азаматтар емес. Солардың бірі – Медет Теміртасов. Медет өзі де теңбіл допты жанына серік еткен спортшы.

СНХ: МЕДЕТ ТЕМІРТАСОВ, ЖАНКҮЙЕР: Өзіңіз көргендей, травмадамын қазір пока. Но, зритель болып, поддержка ретінде келіп келіп тұрмыз. Бізге алдын ала айтқан осындай-осындай турнир болады, дайындалыңдар деп. Вот. Соған дайындалып келдік.

РКС: Айта кетейік, турнир бір мезетте бірнеше жас ерекшелігі бойынша өтті. Бұрындары Зерендінің құрама сапында ойын көрсеткен ойыншылардың барлығы бүгін ауданның мерейтойы қарсаңында бой көрсетті, - дейді турнирдің бас төрешісі.

СНХ: АНДРЕЙ КУЛИНЮК, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Мұндай форматтағы турнирді біз алғаш рет өткізіп отырмыз. Бұған дейін 40+, 45+, 50+ жас ерекшеліктеріне арналған турнирлеріміз болған. Ал бұл жолғы сайысты біз «Ұрпақтар кубогы» деп атадық. Көптен бері бір-бірін көрмегендер осы турнирдің арқасында қауышып жатыр. Германиядан келем деген ағайындар кейбір себептерге байланысты келе алмай қалды.Олар міндетті түрде қатысамыз деп жоспарлаған еді. Дегенмен, бұл турнирді жоғары деңгейде өткізсек, ақпараттық жағынан жақсы таныстырсақ, келер жылдары дәстүрлі турнирге айналдырсақ деген ойымыз бар. Географиясы да кеңейеді деген сенімдеміз. .

РКС: Байқау қорытындысы бойынша «Красный Яр» командасы жеңімпаз атанса, «Жігер» құрамасы екінші орынды еншіледі. Ал «Мексиканцы» құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен және медальдармен марапатталды. Сондай-ақ барлық қатысушыға естелік сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, қазіргі уақытта аудан бойынша 74 спорт нысаны жұмыс істеп тұр.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ