ДИКТОР: Қазақстанның Швейцариясына айналған Щучье-Бурабай курортты аймағына келетін туристер саны жыл санап артып отыр. Соңғы кездері жылына аймаққа 1 миллионға жуық турист демалуға келсе, жазғы маусымда 500 мыңнан астам адамды қабылдайды. Туристердің кейбірі әсем табиғатты бүлдіріп, тау-тасқа түрлі жазулар жазып жатады. Енді оған бұдан былай тыйым салынады. Бурабайдағы Жұмбақтасқа бұдан былай шығуға тыйым салынды. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ең алдымен табиғатты қорғау ережесі бұзылады. Екіншіден кез келген адам өз өміріне қауіп төндіреді деп отыр. Ескертуді елемегендер жауапкершілікке тартылады. Айта кетейік, «Щучье-Бурабай курорты аймағын дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл 1,6 миллиондай турист келеді деген болжам бар.