ДИКТОР: "Келешек мектебі" жобасын алғашқылардың бірі болып Ақмола облысы аяқтады. 2024-2025 оқу жылында аталған бағдарлама шеңберінде 9 заманауи білім ошағы өз жұмысын бастады.

РКС: Ақмола облысындағы жаңа мектептің екеуі Көкшетау, қалған жеті білім ошағы Целиноград ауданында бой көтерді. Облыс орталығындағы білім мекемелерінің әрқайсысы 1500 оқушыға арналған. Ал Целиноград ауданындағы жаңа ғимарат 9000 орындық. Осылайша, Көкшетауда мектептердегі орын тапшылығы 1 жарым, Целиноград ауданында 8 есе азайды.

СНХ: МАНАРГҮЛ ТОХАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Мемлекет басшысының қолдауымен салынған Келешек мектебі. Идеологиясы не дегенге келер болсақ бұл кез келген қала тұрғыны өзінің баласын оқуға бере алатын қолжетімді мектеп. Бір ерекшелігі бір ауысымдылығы, түстен кейін оқушылар өздеріне қажет үйірмелерге қатысумен жалғастырады. СКЛ Тағы бірі ерекшелігі мектептің қауіпсіздігі. Мектептің ішкі және сыртқы жағына 150-ге жуық камера орналастырылған.

РКС: «Келешек мектептерінде» заманауи пән кабинеттері, STEM зертханалар, кітапхана, асхана мен бірнеше спорт және акт залы бар. Мысалы, Қоянды ауылындағы 2000 балаға шақталған мектепте төрт бірдей спорт залы жұмыс істейді. Бір ауысымға құрылған оқу жүйесі оқушыларға түстен кейін үйірмелер мен спорт секцияларына еркін қатысуға мүмкіндік береді. Соңғы үлгідегі білім ошағы ата-аналардың да көңілінен шығуда.

СНХ: ҚЫМБАТ БЕЙСЕНБАЕВА, АТА-АНА: Қаңтардан бері осы жайлы мектеп ашылғалы қаңтардан осы мектепке ауыстырдым. қазір балаларым 6 сыныпта және екінші сыныпта оқиды. Балаларымды 16 мектептен ауыстырған себебім, жайлы, балаларға оқу базасы бай мұғалімдері де жақсы, қыстай балалар оқып шықты. мектеп өте жылы , кітапхана толы оқулықтар, балалар таңғы сменде оқып, түстен кейін қосымша сабақтарға дайындалады. Үйірмелер оте көп.

РКС: Білім ордалары ауылдық және қалалық мектептерге бірдей қойылатын заманауи стандарттарға сай. Ғимараттардың жалпы көлемі стандартты мектептерден 15–20 пайызға кең.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ