ДИКТОР: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының құрылғанына биыл 25 жыл. Ширек ғасырда оның аумағы 55 процентке ұлғайып, 129 мың гектардан асқан. Басым бөлігін орманды алқап құрайды. Биылдың өзінде ұлттық саябақ аумағында 850 мыңнан астам жас ағаш көшеттері отырғызылды. Орманшылардың жазғы маусымдағы жұмысы туралы алдағы бейнематериалда.
СТЕНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Жаз мезгілі орманшылар үшін жұмыстың нағыз қыза түсетін мерзімі. Дәл қазір олар орман ішіндегі қурап кеткен, желмен сындырылған және түрлі ауруға шалдыққан ағаштарды таңбалауды жүзеге асыруда. Биыл іріктеу жүргізілсе, есебін бергеннен кейін келесі жылы бірақ кесуге рұқсат беріледі.
РКС: Орманшылар үшін әр ағаштың сұрауы бар. Сондықтан тұтас орманды түрлі зиянкестерден, биологиялық аурулардан және браконьерлерден қорғау үшін күн-түн демей, еңбек етеді.
СНХ: БЕРІК ОМАРОВ, ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ ИНЖЕНЕРІ: 2025 жылы сегіз мыңдай жерде орман ағаштарына лесопатологиялық зерттеу жүргіздік. Зиянкестер, ағаш аураларын зерттейміз. Биологиялық зерттеу жүргіземіз. Мысалы мынау қарағай ауру емес, сау ағаш. Ауру ағаштарды кесуге тура келеді.
ШУМ:
РКС: Болат Қанафияновтың ұлттық саябақта еңбек етіп жүргеніне 26 жыл болды. Қазір Қатаркөл орманшылығын басқарады. Бурабай аумағында осындай 10 орманшылық бар.
СНХ: БОЛАТ ҚАНАФИЯНОВ, ОРМАНШЫ: Техника жылда жаңартылады, мына машина былтыр келді, пожарная машина екі жыл болды, міне, трактор үш жылдай болды, рация, камера. Үлкен камерелар бізде өте жақсы. менің лесничествомда екі вышка тұрады. камералар көп, цоуға барады өрт болған жоқ әлі.
РКС: Үш жыл бұрын «Бурабай» ұлттық саябағы ЮНЕСКО-ның қамқорлығына алынды.Бұл мәртебе табиғи саябақтың бірегейлігін көрсетеді.
СТЕНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Сарыарқаның жауһары саналатын Бурабай жеріне халықтың қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Ұлттық саябаққа келушілердің жалпы саны 1 миллионнан асады. Дегенмен, адам аяғы көбейген сайын, тұмса табиғатты сақтау ісіне де соғұрлым көбірек маңыз беруге тура келеді,-дейді табиғатты қорғаушылар. Сондықтан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бақылау үшін осындай биік бағандарға бейнекамералар орнатылған. Бұл өзін-өзі ақтап отырған тың технология. Себебі жел генераторы мен күн панелі арқылы жұмыс істейді.
СНХ: ҚАЙЫРБАЙ БАЛТАБАЕВ, ОРМАНШЫ: Осы ұлттық парк жерінде ақырғы 5 жылда 13 камера қойылған өртті ерте анықтау жүйесі. Заманға сай цифровизация уақыты болған соң бізге дрондар сатып алынды. браконьерство азайя бастады, заңбұзушылықтар, заңсыз ағаш кесудің азаю себебі, ол мынау камералар ғой.
РКС: 25 жылда ұлттық саябақтың орман алқабы 6 пайызға ұлғайып, мың жарым гектар аумаққа 10 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Негізінен қарағайлар егіледі. Биылдың өзінде 40 гектар жерге 320 мың түп қарағай отырғызылған.
СТЕНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Бұл 2016 жылы отырғызылған мәңгі жасыл қылқан жапырақты қарағайлы орман. Мұндағы алқап 11 га жерді алып жатыр. Шамамен 90 мың ағаш бар. Бір жылда қарағай ағашы 15-20 см-ге өседі екен.
РКС: Ұлттық саябақ ландшафының ғажайып табиғатына қарап, «Қазақстан Швейцариясы» атанған бұл алқап флорасымен қатар фаунаға да бай. Мұнда жабайы жануарлардың 15-тен астам түрі мекендейді. Сонымен қатар аскания бұғысы, сібір елігі, қабан және басқа да сүтқоректілердің саны 5 есеге артқан.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ