ДИКТОР: Атбасар қаласының аграрлы-индустриалды колледжінде «2025 - кәсіптер көкжиегі» облыстық кәсіптік форумы өтті. Шараға 400-ден астам адам қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Облыстық форум 3 кезеңде өтті. Бірінші кезең «Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде жастар үшін мүмкіндіктерді кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған Щучинск, Ақкөл және Көкшетау қалалары, сондай-ақ Бурабай мен Сандықтау аудандарының колледж оқытушылары қатысты. Кейін оқушылар үшін «Колледж мамандықтарымен танысу» тақырыбында дәріс өткізілді. Мұнда оқушылар колледжге оқуға түсу ережелерімен және техникалық мамандықтарда оқу мерзімдерімен танысты.

СНХ: ӘСКЕРБЕК ТӨЛЕБАЕВ, АТБАСАР АГРАРЛЫ-ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Негізгі мақсат – түрлі бағыттағы аграрлы-индустриалды, аграрлы-техникалық колледждерде жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру. Ақмола облысының білім басқармасымен бірлесіп осындай іс-шараларды іске асыру және өткізу үшін жоспар құрылды. Бұрын жұмысшы мамандығы тек қолмен жұмыс істеу деп саналатын. Қазір бұл мамандық өзгеше дамудың даңғыл жолында. Балалар заманауи технологияларға қызығушылық танытады. Жастарды тарту үшін жаңа мамандықтарды ашуға тырысамыз. Мысалы, агро дрон операторы. Бұл ауыл шаруашылығында ғана емес, сондай-ақ заманауи бағдарламалар саласында да білім алуға мүмкіндік беретін жаңа бағыт.

СНХ: ТЕМІРЛАН АМАНГЕЛДИНОВ, АТБАСАР АГРАРЛЫ-ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Колледжде қазір бәрі жасалған, бәрі тегін. Жақсы оқуға болады. Жоспарыс оқуымды бітіргеннен кейін сол колледжде мұғалім болып жұмыс істеуге, токарь мамандығы бойынша.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Шара барысында Жақсы мен Сандықтау аудандарының 9-шы сынып оқушыларына шеберлік сабақтары өткізілді. Мұнда болашақ мамандар колледж даярлайтын жұмысшы мамандықтармен танысты.

РКС: Колледж студенттерді 18 мамандық бойынша даярлайды. Облыстық форум барысында оқушыларға дәнекерлеу, авто ісі, электрмен жабдықтау, токарь, шаштараз және тігін зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда форум қатысушылары дәнекерлеу мен авто ісі саласындағы жаңа технологияларымен, аспаз шеберлігімен танысты.

СНХ: ЛЮДМИЛА ПЕТРОВА, АТБАСАРДАҒЫ «АНГЕЛ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Экология, салауатты өмір салты, жастармен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі шараларды өткізуде Атбасар колледжімен көптен бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Соңғы жылдары бізде студенттер, болашақ тігіншілер өндірістік практика өтіп жатыр. Тігінші дипломы бар түлектер бізге ақылы жастар тәжірибесіне келеді. Айта кетерлігі, соңғы жылдары оқу сапасы айтарлықтай көтерілді. Бізге дайын мамандар келіп жатыр.

РКС: Форумның үшінші кезеңі концерттік бағдарлама форматында өткізілді. Мұнда колледж басшылығы әлеуметтік серіктестерді алғыс хатпен, сондай-ақ Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Қуатбеков мамандарды даярлауға үлес қосқан ардагерлерді аудан әкімінің грамоталарымен марапаттады. Кейін колледж студенттері оқушыларға жұмысшы мамандықтарды қойылым арқылы таныстырды.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.