ДИКТОР: Жеңістің 80 жылдығы мен Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай батырдың атындағы азаматтық қорғау академиясында «Батыр-тағдыр, ғылыми-ғұмыр» атты ғылыми-танымдық семинар өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери-тарихи музейінің ғылыми кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог, алғаш Берел қорғанын ашқан Зейнолла Самашев пен Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Жамбыл Артықбаев қатысты.

РКС: «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде, ұлт та ұлы бола алмайды»,-деген еді кезінде Ғабит Мүсірепов. Иә сол биіктік пен парасаттылық оқырман мен жазушы арасын жалғайтын алтын көпір. Ол мықты болса,кез-келген туынды ғасырдан-ғасырға жетіп, оқырманның қолынан түспесі анық. Әдебиетке жаны құмар жанның да есімін ешқашан өшірмейді. Әдебиетте де, майдан даласында да алдыңғы шептен көріне білген тұлға Мәлік Ғабдуллиннің мол рухани мұрасы туралы таңды таңға ұрып жалғауға болады.

СНХ:ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің атын осы Академияға берер кезінде келген болатынмын.Бұл кісінің атын осы оқу орнына берудің үлкен мәні бар. Батырдың атындағы жоғары оқу орны. Мынау қазақ елінің,қазақ халқының батырларының даярлайтын жоғары оқу орына айналдыру керек деген негізгі идея.+скл+03:30+Сондықтан олардың құлағына құйып, айтып біздің мінеки халқымыздың,ата-бабаларымыздың осындай құндылықтар жасаған,осыны келесі ұрпаққа көрсетуге,сақтауға сендердің атқаратын рөлдерің ерекше деп айтып түсіндіру үшін жиналып жатырмыз.

РКС: Ел билеген көсемді де, сөз бастаған шешенге рух берген киелі Көкше жерінің тұмса табиғаты дүниеге әкелген. Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Мәлік Ғабдуллин де осы киелі топырақтан түлеп ұшқан. Батыр атындағы жоғары оқу орнының атаулы датаға сәйкес өткізген іс-шарасы, білім алып жатқан курсанттарына ой саларлық болды.

СНХ:МАНСҰР ДОСЫПБЕКОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Мәлік Ғабдуллиннің ойлары әлі күнге дейін жоғалған жоқ. Бұл бізді рухты тәрбиелеуге, патриотшылдыққа үйретеді. Біздің артымыздан келе жатқан бауырларымызға, балаларымызға өте көп тәрбие береді. Бұл жазбалар өзінің құнын жоғалтқан жоқ. Біз осы ойларды дамытып жалғастыруымыз керек деп есептеймін.

РКС: Талай алапат тарихи сынды басынан өткізген батырдың, бүгінде Мәлік Ғабдуллиндей тұлғаны тану ұрпағына мұра болып отыр. Ұлтының амандығы үшін сұрапыл майданда да қолынан қаламы түспеген тұлғаның ерен еңбегін айтып тауысу мүмкін емес.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ