ДИКТОР: Ақындық пен айтыс өнерін қадірлейтін жас дарын иесі Берденбек Мырзаттың алғашқы жеке шығармашылық кеші өтті. "Шабыттан туған жыр" атты әдеби кеш - өнердің туын биік көтеріп келе жатқан талантты ақынның шығармашылық жолындағы алғашқы үлкен қадамы.
РКС: Берденбек Мырзат Зеренді ауданына қарасты Өзен ауылының тумасы. Жастайынан үкілі домбырасын жанына серік еткен жас ақын бірнеше жыр мүшәйраларының, айтыстардың жеңімпазы. Кеш барысында ақынның сөзіне жазылған өлеңдер оқылды. Сонымен қатар Берденбек өзінің арнау өлеңін айтып өлеңге деген ықыласын көрсетті. Мен үшін өнердің ең асылы - суырып салма айтыс- дейді жас ақын.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: БЕРДЕНБЕК МЫРЗАТ, ЖАС АҚЫН: Бұл кеш енді өнердегі шағын жол болса да, сол жолымызды қорытындылап, есеп беру ретінде өткізіп жатырмыз. Өзім айтыскер ақын болғасын Ақмоланың намысын республикалық деңгейде, халықаралық деңгейде қорғап жүрмін. Аллаға шүкір біраз айтыстарда жүлделі орын алып, абыройлы қорғай білдім. Енді осы жас та болса бас болып жүрміз.
РКС: Ақынның жеке шығармашылық кешіне оны қолдауға достары, ұстаздары және анасы арнайы келген. Жыр кешіне жиналған замандастары Берденбектің поэзияға деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық ізденістері жайлы жылы лебіздерін білдірді.
СНХ: НҰРБЕК СЕРІК, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгін бізде Мырзат Берденбектің кеші болып жатыр. Көкшеден шыққан жас ақын, жас бөрі десек те болады. Бірінші курстан бері бірге оқып келе жатырмыз. Бірінші курста ақындыққа қадам басқан, содан юері айтыс өнерінде жақсытанылып келе жатыр. 90 пайыз енбектің арқасында көтерілген ақындардың бірі десем болады.
СНХ: БИБІНҰР ҚАЙЫРБЕК, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Біз осы өзіміздің досымыздың жан-жақты қырларын ашуды ұйғардық. Бұл тек қана поэзия кеші емес, ол айтыс жағынан да, ақындық өмір жолын да дәріптеп, баяндады.
РКС: Шара барысында көрерменмен еркін сұхбат ұйымдастырылып, Берденбек ақын қойылған сұрақтарға ашық әрі шынайы жауап берді. Бұл кеш оның шығармашылығымен танысу ғана емес, сонымен қатар жастардың поэзияға, ұлттық өнерге деген ықыласын оятуға бағытталған шара.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ