ДИКТОР: Былтыр еліміз бойынша 542 мыңнан астам адам мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алды. 21 мыңға жуық инфрақұрылым нысаны мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген. Мүгедектігі бар адамдар былтыр мемлекеттік қызметтер порталы арқылы 935 мыңнан астам қызмет түрін алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бәріне тең мүмкіндік берілетін инклюзивті қоғам қалыптастыру қажеттігін айтқан болатын. Еліміздегі еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтардың тең жартысы ғана жұмыспен қамтылған. Бұл ретте тек физикалық тұрғыдағы кедергісіз орта қалыптастыру жеткіліксіз екені айқын. Білім беру саласында ерекше оқу қажеттілігі бар балалардың саны да жыл озған сайын артып келеді. Арнайы топтағы мүгедектігі бар адамдардан бөлек есту, көру қабілетінде кемістігі бар адамдардың да өзіндік сұранысы толық қанағаттандырылмай отыр.
РКС: Ұлттық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенсек, педагогтердің тең жартысы мұндай жұмыс форматына және әр балаға жеке оқу жоспарын әзірлеуге дайын емес. Сондықтан ерекше оқу қажеттілігі бар балалармен жұмыс істей алатын мұғалімдер мен тәрбиешілер даярлаудың заманауи үлгісі әзірленді. Қажет мамандықтарды даярлау үшін колледждер арнайы бағдарламамен жұмыс істеуде. Яғни, оңалтуды кешенді процесс ретінде дамыту аса маңызды. Дегенмен, 3 топтағы мүгедектігі бар жандар үшін баспана алуда қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған. Сонымен қатар есту, сөйлеу жағынан мүгедектігі бар адамдарда ым-ишара тілін меңгерген мамандардың таппшылығы да сезілуде. Ақмола облысы бойынша бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер саны 20 мыңнан асады. Мемлекет тарапынан қолдау көріп отыр. Десе де квота бойынша тек 45 адам ғана жұмыспен қамтылған. 600-ден астам адам көру қабілетінен толық айырылғандар тізімінде.
СНХ: ГҮЛІМ БАЙҚОШҚАРОВА, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бізде орталықта ым-ишара қызметінің мамандары бар. Сурдотехника және курорттық емдеумен де қамтылған. 3 топтағы мүгедектігі барларға теміржол билеттеріне 50 процент жеңілдік беріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін колледжде оқу да тегін. Жатақхана және тамақ, сонымен қатар қоғамдық көлікте жүру де тегін. Колледждерде аудармашылар бар. Сабақты толығымен аударып береді. Оқыту қол жетімді. Мектепте әсіресе, №4 мектепке ым-ишара тіліне тыйым салынған. Бұл өте қажет, өйткені есту қабілеті нашар балаларға емес, саңырау-мылқау балаларға арналған мектеп мәртебесін беруі керек. Яғни, олардың мәртебесі басқаша. Сондықтан оларға ым-ишара тілін үйретуге рұқсат берілмейді.
РКС: Мамандар колледж, университеттердің бәрінде ым-ишара тілі мамандары болуы керек дейді. Қазір Көкшетау жоғары техникалық колледжінде ғана арнайы маман бар. Мемлекет мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты барлық қажетті жағдайды жасап отыр. «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында 1 мыңға жуық әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу жоспарланған. Мүгедектік санатына байланысты кез келген адамға мемлекет тарапынан қолдау қарастырылған.
СНХ: ЗҮЛФИЯ КҮСТЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Протездік-ортопедиялық көмек 2149 адам немесе 86,9 пайыз бейімделген.Сурдологиялық көмек 402 немесе 97,6 , тифлотехникалық құралдармен 1014 немесе 97,8 пайыз, арбалармен 679 немесе 93,6 пайыз, санаторлық-курорттық емдеумен 2890 немесе 97,2 пайыз, жеке көмекшінің қызметтерімен 87 немесе 100 пайыз, ымдау тілі мамандарының 251 немесе 100 пайыз, міндетті гигиеналық құралдармен 8728 немесе 97,5 пайыз.
РКС: Айта кетейік, инклюзивті қоғам құру мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығын нығайтып, әр азаматтың әлеуетін толық іске асыруына мүмкіндік береді. Әділеттілік пен теңдік қағидаттарына негізделген мұндай қоғам елдің өркендеуіне, азаматтық бірліктің күшеюіне және болашақ ұрпақтың жарқын өміріне жол ашады.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ