ДИКТОР: Мақатовтар әулетінің теміржол саласындағы еңбек өтілі жарты ғасырға жуық. Бүгін осы әулеттің үш өкілі электровоз машинисі болып жұмыс істейді. Шойынжол көлігінің тізгініндегі солардың бірі Теміржан Мақатовпен тілшіміз жүздесіп қайтты.
РКС: Теміржан Мақатов бұл салаға осыдан 7 жыл бұрын келді. Бүгінде ол ВЛ-80 электровозының машинисті. Атбасар-Астана-Есіл қалалары арасында жүк пойыздарын жүргізеді. Атасы Дулат Мақатов 1980-1994 жылдар аралығында электровоз машинисі болып жұмыс істеген. Әкесі Қайрат та өз әкесінің жолын жалғап, теміржол саласына 1991 жылы келіп, сол жерден былтыр зейнетке шықты. Солардың арқасында әулеттің үшінші ұрпағының өкілі Теміржан мамандық таңдауда қателеспегенін айтады.
СНХ: ТЕМІРЖАН МАҚАТОВ, ЭЛЕКТРОВОЗ МАШИНИСІ: Бала кезімнен атаммен бірге жүрдім. Электровоздарға да өзімен алып баратын. Осыдан теміржолға деген қызығушылық пайда болды. 2008 жылы Атбасар электровоз жөндеу зауытына жұмысқа орналастым. Бастапқыда слесарь болып жұмыс істедім. 2018 жылы осында келіп, машинистің көмекшісі болдым. Жұмысымыз жауапкершілікті, білімді арттыруды, қозғалыс қауіпсіздігін талап етеді. Қазір электровоз паркі жаңартылуда. Жаңа локомотивтер шығып жатыр. Ішінде барлық жағдай жасалған. Кондиционер орнатылған.
РКС: Теміржанның әжесі Гүлназия да 1987-1994 жылдары теміржол саласында бақылаушы болып жұмыс істеген. Қазір үш немересі Мақатовтар әулетінің еңбек жолын жалғастыруда. Теміржанның екі баласы өсіп келеді. Олар да болашақта теміржол саласында жұмыс істесе деген арманым бар, - дейді. Әріптестерінің бұл әулетке деген сезімі де ерекше.
СНХ: ВИТАЛИЙ ДОЦЕНКО, МАШИНИСТ НҰСҚАУШЫ: Өзін жақсы жағынан көрсетті. Жауапты, жұмысына тыңғылықты. Мақатовтар әулетінің еңбек өтілі жарты ғасырға жуық. Әкесі де, атасы да осында жұмыс істеді. Әрқашан өздерін тек жақсы жағынан көрсетіп жүр.
РКС: Мақатовтар сияқты шойын жолға деген сүйіспеншілігі артқан әулеттер теміржол желісі орналасқан аймақтарда жиі кездеседі. Мұндай династиялар теміржолдың мақтанышы екені сөзсіз.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.