ДИКТОР: Көкшетауда алғаш рет каратэ шинкиокушинкайдан "KOKSHETAU OPEN" республикалық турнирі өтті. Екі күндік жарыс ұлдар, жасөспірімдер мен қыздар арасында өтті. Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 15 өңірінен 500-ден астам қатысушы келді.
РКС: Жарыс басталмас бұрын салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оның аясында осы турнирді ұйымдастыруға және өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге үлес қосқандар алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, 4 спортшыға спорт шеберлігіне үміткер куәлігі табысталды. Жарыс қатысушыларына шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Турнир "Кумите" тәртібі бойынша өтті. Жекпе-жектер бірден 4 татамиде өтті. Қатысушылардың жасы 6 мен 17 жас аралығында.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: БАТЫРХАН САРМАНОВ, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Бұл турнирде балалар каратэден спорт шебері мен спорт шеберлігіне үміткер атағын жеңіп алу үшін сайысады. Сондай-ақ, 12 жасқа дейінгі балалар арнайы разрядтарға ие болады. Келесі жылы "Кумите" бойынша каратэ шинкиокушинкайдан Қазақстан чемпионатын өткіземіз деп үміттенемін.
РКС: Турнир қорытындысы бойынша Көкшетау командасы 8 алтын медальмен 1 орынды иеленді. 2-ші орын Астанадан келген каратэшілерге бұйырды. Оларда 7 алтын медаль бар. Көшбасшылар үштігін Маңғыстау облысының спортшылары түйіндеді. Олардың қоржынында 6 алтын жүлде бар.
СНХ: АДЕЛЬ ҚҰДАБАЕВА, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ (КӨКШЕТАУ): 65 келіге дейінгі бірінші санатта 1 орын алдым. Қарсыластар мықты болды. 65 келіден асатын санатта 3 орынды еншіледім. Ол жерде де қарсыластарым осал болған жоқ. Өз клубыма, жаттықтырушыларыма деген құрмет, қуаныш сезімі керемет. Олардың мені осы үлкен жарыстарға лайықты дайындағанына қуаныштымын.
СНХ: ДАМИР БАЙЖАХАНОВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ /АБАЙ ОБЛЫСЫ/: Мен 1 орын алғаныма өте қатты қуанамын, себебі біз осы жарысқа өте қатты дайындалдық. Бізде өзімізде күнджелікті тренировкалар осы жарысқа арнайы. Және де қарсыластар осал емес, барлығы мықты.
РКС: Жарыс соңында барлық жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары турнирдің жоғары ұйымдастырылғанын атап өтті.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.