ДИКТОР: Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған спорттық шаралар жалғасуда. Ақмола облысының құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан «Жауынгер» спартакиадасы өтті. Тартысты ойынның куәгері болып қайтқан тілішіміз Тоғжан Байменова баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Турнир күштік құрылымдар қызметкерлерінен құралған арнайы шеруден басталды. Спартакиадаға 10 команда қатысып, мықтылар сапынан көрінуге бар күшін салды. Жарысты облыстық жекпе-жек өнері қауымдастығы ұйымдастырды. Қауымдастықтың президенті, Ақмола облысының прокуроры Руффат Құттықов жарыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

СНХ: РУФФАТ ҚҰТТЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨНЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл іс-шара әрине, біріншіден батырларымызға, Ұлы Отан соғысындағы бабаларымызға тағзым етіп, құқық қорғау органдарының арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Әріптестеріміз қатысып, өздерінің жігерлігін, жақсы дайындығын көрсетеді деп ойлаймыз.

РКС: Командалар арасындағы тартысты ойынның қорытындысы бойынша финалға 4 команда жолдама алып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Жанкүйерлер жарыс алаңына шыққан облыстық полиция департаменті мен төтенше жағдайлар қызметінің арасындағы шешуші ойынның куәсі болып, ерекше әсер алды. Төтенше жағдайлар департаменті турнирдің барлық кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске лайық екендерін дәлелдеді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БАХТИЯР БАЙТЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Топтық ойындардан үздік болып шықтық. Финалдық ойында полиция департаментімен кездесіп, пенальти сериясында жеңіске жеттік. Осы жеңісті барша Төтенше жағдайлр департаменті министірлігінің басшылығына және барша ұжымға арнаймыз.

РКС: Ойын қорытындысы бойынша екінші орынға облыстық полция департаменті лайық деп танылса, үшінші орынды экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұрақтады. Айта кетейік, соңғы уақытта облыс бойынша түрлі ұйымдар арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Бұл турнир Ақмола облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында спорттық дәстүрлерді одан әрі дамытып қана қоймай, күштік құрылымдардың өзара ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ