ДИКТОР: Бурабай ауданындағы Қатаркөл өзенінің жағасында иесіз тұрған катамаранды көзі шалған бес бала түнгі уақытта оған мініп алып саяхаттамақ болған.Жағалаудан бес метр ұзап кеткен соң үш бала қорыққанынан катамараннан секіріп, өз беттерінше кері жүзген. Қайықта 2008 және 2014 жылы туған екеуі қалып қояды. Олардың біреуі мүлдем жүзу білмейтін болып шыққан. Қатты дауыл қайықты жағадан 500 метрге алып кетеді. Жағаға қайтып келген балалар 112 номеріне хабарласып, құтқарушыларды шақырады.
СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Құтқарушылар іздестіру жұмыстарына тепловизорлы дронды қолданды. Осылайша су бетіндегі балаларды байқап, жағаға қайықтың көмегімен шығарып алды. Барлық бала жағалауға жеткізілгеннен кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. 5 баланың ата-анасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 412-ші бабы бойынша жауапқа тартылды. Онда су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзған немесе орындамаған жеке тұлғаларға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ