ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Қараөзек ауылының тұрғындары ауылға қатынайтын жолдың өте нашар екенін айтып шағымдануда. Екі ауылды байланыстыратын негізгі жолдың сапасы мүлдем сын көтермейді. Ауыл тұрғындары күре жолды биыл күрделі жөндеуден өткізе деп талап етіп отыр.
РКС: Ауыл тұрғындары көршілес Сәкен Сейфуллин ауылына қатынайтын жолдың сапасы сын көтермейтінін айтуда. Ой-шұңқыры көп тас жолға 50 жылдан аса жөндеу жүргізілмеген.
СНХ: ОРАЛБАЙ СЕРҒАЗИНОВ, ҚАРАӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ауылға ең маңызды болып тұрғаны – жол, жол мәселесі болып тұр. Сәкен Сейфуллин мен Қараөзек ауылының қарым-қатынас жолы. Жол болса, Совет үкіметінен бері, 70-ші жылдардың басында салынған жол. Содан бері ешқандай жөндеу, ештеңе өтпеген. Қазір бұрыңғы кезде автогредер жіберіп акиматтан, бетіндегі тас грунтын бәрін қырып, сыртын шығарып тастағанда, қара балшық қылып, қазір жауын сайын езіліп, жүруге мүмкіншілік болмай жатыр.
РКС: Тұрғындар ауыл ішіндегі жолдың да жай-күйіне шағымдануда. Ойдым-ойдым жолда қатынау мүмкін емес. Көктем мен жазда әсіресе жауын-шашын күндері жол балшыққа айналады.
СНХ: ӘБІЛ ОХАТОВ, ҚАРАӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы основной ауылдың ішінде мынау Центральный, Орталық көше дейміз, орталық көше. Жүре алмай қаламыз, езіліп кетеді. Үстінде бір щебень жоқ, міне бүкілін қырып-қырып тастаған, қара балшығын шығарып. Қысты күні әйтеуір өзіміздің спонсорымыз жолды трактормен ашып етеді. Осы жаз қиын болады бізге. Жауын- шашында жүру мынау гредермен.
РКС: Ал жергілікті әкімдік учаскелерді жөндеудің жоба-сметалық құжаттамасы дайын дейді. Жобаны қаржыландыруға өтінім де берілген.
СНХ: АЙГҮЛ КӘРІМОВА, С.СЕЙФУЛИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Жолдар бойынша бізде жобалық смета дайын. Жылда біз бюджеттік өтінім береміз. Енді қазір ақша тосып отырмыз. Сол енді бізге қалай ақша бөлінеді, қаражат, сол жолдарға биыл енді жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп біз сенімдеміз.
РКС: Күре жолдың мәселесін жылдар бойы айтып жүрген ауыл тұрғындары бұл мәселе биыл шешімін табады деп үміттенеді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.