ДИКТОР: Көкшетауда дүлей дауылдың салдарынан көпқабатты тұрғын үй қабырғасының кірпіштері құлады. Оқиға Центральный шағын ауданындағы үйдің бірінде орын алған. Бұл тұрғын үй 2013 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында салынған. Құрылысқа жауапты мердігер — «Шахар-Көкше» серіктестігі. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

СНХ: БАҚЫТ ТЕМІРХАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз осы үйдің алғашқы тұрғынымыз. Бүгін төтенше жағдай жарияланып, дауылды ескерту берілді. Түскі уақытта, шамамен сағат 12-де, тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының кірпіштері опырылып түсті.Біз бірден төтенше жағдайлар басқармасына және әкімдікке хабарладық. Олар жедел түрде әрекет етіп, келіп, қоршау қойып, қоқысты тазалады. Қалпына келтіруге көмектесіп, жағдайды ретке келтіреміз,-деп уәде берді. Мұнда 30 отбасы тұрады. Бұл жағдай назардан тыс қалмайтынына сенеміз.