ДИКТОР: Атбасар қаласында көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қыза түскен. Қала тұрғындары мен жергілікті әкімдік, сондай-ақ волонтерлер биыл 400-ден астам ағаш көшетін отырғызбақ. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш көшеттері мен гүл отырғызудан басқа сенбіліктер де жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, былтырғы көктемгі тасқын кезінде су астында қалған үйлердің 80 проценті бұзылып, қоқыс шығару жұмыстары жалғасуда.
СНХ: ӘНЕС ҚАЙЫРЖАН, АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қаланы абаттандыру аясында ағаш отырғызу жоспарлануда. Биыл қала бойынша 400-ден астам ағаш отырғызамыз. Көктемде соның 300 түбін отырғызбақпыз. Сондай-ақ, 66 мыңға жуық гүл егіледі. Жұмыс үздіксіз, күн сайын атқарылуда. Сонымен қатар аумақтарды сырлау, әктеу жұмыстары да қатар жүргізілуде.
СНХ: БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қыстан кейін қаланы абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көктемгі су тасқынынан кейін аумақты тазарту жұмыстары да жүргізілуде.
РКС: Айта кетейік, биыл қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмысына 1500-ге жуық қала тұрғыны қатысып жатыр. Сондай-ақ, Атбасар қаласының аумағындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру және күтіп ұстау жұмыстары да жалғасуда.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.