ДИКТОР: "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасы аясында Бурабай ауданындағы Қатаркөл көлінің жағасында экологиялық акция өтті. Шараға қатысушылар жағалау аумағын қоқыстан тазартты.

РКС: Акцияға Қатаркөл ауылындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің студенттері қатысты. Еріктілер ұйымдасқан топтармен көлге қарай бет алып, онда жағалау аумағын жиыстырып, қоқыстардан тазартты.

СНХ: МЕРЕЙ РАМАЗАН, БУРАБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы екі күн бұрын Щучинск қаласында екі жарым мың адам осындай студенттер жастармен ғана емес, әр саланың өкілдері осы көшелерімізді тазалауға шыққан болатын. Еліміздің тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл ауқаты жақсарып келеді. Осы жерде халқымыздың, барша қоғамымыздың экологиялық мәдениеті өсуі тиіс Президентіміздің бастамасымен.

РКС: Жастар арасында экологиялық сана мен қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершіліктің тұрақты өсуі байқалатынын айта кеткен жөн. Соңғы кездері экологиялық акцияларға жастардың белсенділік танытуы қуантады.

СНХ: ТАМИРИС СЕЙДАХМЕТОВА, ҚАТАРКӨЛДЕГІ ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Қатаркөл ауылы шағын ғана ауыл. Қоқыс та тым көп емес. Біз сенбілікке жиі шығып, тазалап тұрамыз. Біздің колледжге жақын жерде көл бар. Қолымыз бос уақытта оның жағалауында жиі серуендейміз. Таза ауамен тыныстайтын жеріміз. Оның аумағының таза болғаны біз үшін маңызды. Сондықтан үнемі тазалықты сақтауға тырысамыз. Егер табиғат аясында демалсақ, қайтарда қоқыстарды жиыстырып, бірге алып кетеміз.

РКС: Акцияға қатысушылардың экологиялық белсенділігі жоғары. Мұның өзі ақмолалықтардың табиғатты қорғауға үлес қосуға дайын екенін дәлелдесе керек. Айта кетейік, "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында облыс аумағында 2 мың гектар алқапқа шамамен 14 миллион түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде соның 2 миллиондайы отырғызылды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ