ДИКТОР: Аймақта сәуірдің 27-сі мен мамырдың 3-і аралығында Дүниежүзілік иммундау апталығы жүріп жатыр. «Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» биылғы жылдың ұранына айналып отыр. Науқан балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін вакцинаның маңызы туралы ақпараттандыруды арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ халық арасында екпе егуді қамтуды кеңейтуді мақсат етіп отыр.
РКС: Вакцина қолданылған соңғы 50 жылда 154 миллионнан адамның өмірі құтқарылды. Орташа алғанда әр минут сайын алты ғұмыр сақталып отыр. Қызылшаға қарсы егілген екпе елеулі үлес қосқанын айта кеткен жөн. Соның арқасында өмірі құтқарылған балалардың 60 процентін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Алғашқы тоқсанның қорытындысына сәйкес Ақмола облысында қызылшамен сырқаттанудың 143 жағдайы тіркелді. Әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында жағдай алаңдатарлық. Барлық ауырғандардың 80 процентіне тең. Бір жасқа дейінгі сәбилер осал болып тұр.
ГРАФИКА МӘТІНІ: Сараптама сырқаттанған балалардың 95 процентіне екпе егілмегенін көрсетіп отыр. Оның себептері де әртүрлі. Кейбіріне медициналық тұрғыдан қарсылық білдірілсе, енді бірінде ата-анасы баласына екпе ектіруден бас тартқан.
ГРАФИКА:
СЫРҚАТТАНҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ВАКЦИНАЦИЯ ЖОҚТЫҒЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ:
ЖАСЫНЫҢ ЖЕТПЕУІ — 38 ЖАҒДАЙ (35%)
ВАКЦИНАЦИЯДАН БАС ТАРТУ — 47 ЖАҒДАЙ (44%)
УАҚЫТША МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУ — 10 ЖАҒДАЙ (9%)
ТҰРАҚТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУ — 11 ЖАҒДАЙ (9%)
ЕКПЕ ЕГУГЕ КЕЛМЕУ — 2 ЖАҒДАЙ (1,8%)
СНХ: ҒАЛЫМБЕК АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Екпе егу күнтізбесінің аясында 2 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынады. Туберкулезге, пневмонияға, гепатит А,Б-ға қарсы екпелер егіледі.
ГРАФИКА МӘТІНІ: Қызылшамен сырқаттанғандар облыстың 6 өңірінде тіркелген. Бұланды ауданында 3, Бурабайда 10 жағдай тіркелген. Ерейментау ауданында 2, Зеренді ауданында 23 дерек анықталды. Ал Көкшетауда 104 жағдай, Степногорск қаласында 1 сырқат тіркелді.
ГРАФИКА:
АУДАН БОЙЫНША ҚЫЗЫЛШАМЕН АУЫРҒАНДАР:
БҰЛАНДЫ АУДАНЫ — 3
БУРАБАЙ АУДАНЫ — 10
ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ — 2
ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ — 23
КӨКШЕТАУ — 104
СТЕПНОГОРСК — 1
РКС: Ақ халаттылар тек уақытылы вакцинация ғана адам ағзасы үшін ауыр салдарды болдырмауға әрі денсаулықты сақтауға жәрдемдеседі деп отыр.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ