ДИКТОР: 40 жылға жуық қолынан қаламы, микрофоны, былғары қолғабы түспей келе жатқан Қалымбек Мұхамеджановтың 70 жылдық мерейтойына арналған жасөспірім боксшылар арасында ашық турнир болды.

РКС: Жетпістің желкенін керген журналист, боксшы Қалымбек Мұхамеджанов үшін Көкшетаудағы «Қажымұқан» спорт кешені – жат емес. Өйткені, ол соңғы 30 жылда осындағы бокс залында жаттығып, талай жарыстардан жедел репортаждар жазып келеді. ағамыздың құрметіне арналған турнирге шәкіртіндей болып кеткен Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері – Мереке Жүсіпов, Руслан Мусинов; кейінгі толқын боксшылар арасынан Әлем және Азия чемпиондары – Теміртас Жүсіпов пен Дина Жоламан арнайы келді. Олар өздері жайлы бірнеше телехабарлар түсірген Қалымбек Әрнашұлын мерейтойымен құттықтап, жасөспірім боксшыларға шаршы алаңда жеңіс тіледі.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЯН ШӨКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бәріміз Қалымбек ағаға ризамыз! Алғысымызды айтамыз! Ол ұзақ жылдар бойы спортта, әсіресе, боксты насихаттап келеді. Сан мәрте ел чемпионаттарына, әлемдік жарыстарға барып, тікелей репортаж жүргізді. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен осы турнирді өткізіп жатырмыз. Оған Қалымбек ағаның туған жері Айыртау ауданының боксшылары да келді.

СНХ: АНАТОЛИЙ ПЕРМЯКОВ, БОКСТАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Бүгін досымыз Қалымбекті мерейтойымен құтттықтап, турнир өткізіп жатырмыз. Ол – рингте сан мәрте жеңіске жеткен боксшылардың бірі. Бірнеше жыл бойы боксты, спорттың басқа түрлерін насихаттап келеді.

РКС: Қалымбек Мұхамеджановтың құрметіне арналған боксшылар турнирінде ең мықты жасөспірімдер жеңіске жетті.

СНХ: ДАРЫН САҒЫН, ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ: Бокспен айналысқаныма екі жыл. Бапкерім – Ғайдар Сатанов. Қалымбек Мұхамеджановтың турнирінде жеңіске жеттім. Алда жарыстар көп, соған дайындаламын.

РКС: Журналист-боксшыға арналған алғашқы турнирге оның кіндік қаны тамған Айыртау ауданыннан келгенс 4 боксшы жүлдегер және жеңімпаз атанды. Олардың алдағы уақытта жарысқа жиі барып тұруына кәсіпкер Ержан Мұхамеджанов қаржылай көмек көрсетті. «Бұл турнир – балалар боксының бұқаралығын арттыруға септігін тигізеді», – деді әлемдік жарыстарға төрешілік етіп жүрген Ерлан Ғазизов.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ СПОРТ.