ДИКТОР: Елімізде мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоғамда үлкен қолдау табуда. Ол жай ғана ұран емес, елдегі экологиялық мәселелерді шешуге арналған кешенді бағдарлама. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамда тазалық мәдениетін дәріптеуге бағытталған. Осы бастамаға үн қосқан Аршалы кенті де игі істерден шет қалған жоқ.

РКС: Аршалы кентінде облыс әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жоғары ұйымшылдықпен өтті. Шараға жергілікті тұрғындар, волонтерлер, мәслихат депуттаттары мен еңбек ұжымдары белсене қатысты. Шара барысында аймақ басшысы тазалық акциясының маңыздылығын атап өтіп, мұндай игі бастамалардың үздіксіз жалғаса беретінін жеткізді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жұмылып қатысып отырмыз. Бүгінгі таңда 300 гектарға 2,3 дана көшет отырғызылды. Сондай-ақ мұндай іс-шаралар облысымыздың барлық өңірлерінде белсенді атсалысып, 5 мың адамға жуық адам қатысуда. Бұл енді бір күндік акция болмау керек, бұл тек қана қоқыс шығару, аула тазалау ғана емес, бұл мәдениетті қалыптастыру, таза мәдениет, ауласы, үйі таза, көшесі таза, қаласы таза, кенті таза, адамдардың сана-сезімі де таза болуы керек.

РКС: Акцияға белсене қатысқан жастар да бұл шара табиғатты қорғау жолындағы маңызды қадам екенін жеткізді. Экологиялық акция аясында Аршалыдағы спорттық-сауықтыру кешенінің аумағына 100-ден астам қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылды.

СНХ: ІЗБАСАР НҰРБОЛАТ, ВОЛОНТЕР: Осы акция аясында біз ауданымызда сенбіліктер жасадық, әлі де жасаймыз. Осы «Таза Қазақстан» аясында қазіргі таңда өзіміздің дене шынықтыру орталығының алдына көптегени ағаштар отырғызуға ниеттіміз және бұл акцияны жалғастыруға ниеттіміз. Болашаққа нық сенім, табиғатты аялау - біздің парызымыз.

СНХ: БЕГАЛЫ АХМЕТОВ, Ж.ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ АРШАЛЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Таза Қазақстан» акциясы бұл қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі бастама. Бүгінгі шараның басты мақсаты бұл тек қалалар мен ауылды мекендерді ғана емес, сонымен қатар, табиғи орта мен мәдени ескерткіштердің де тазалығын сақтау. Осы акция барысында барлық аудан тұрғындары көшелерді, саябақтарды, қоғамдық орындарды қоқыстардан тазалап, табиғаттың тазалығын сақтауда атсалысып жатыр барынша.

СНХ: БАҚДӘУЛЕТ ЖОЛДАС, 6505 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ №9 АТҚЫШТАР РОТА КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы Отанымызда өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына қатыса отырып, өзіміздің елімізге үлесімізді қосқымыз келеді. Себебі қазіргі таңда экологияны ойлау болашақ жастардың басты міндеттерінің бірі болып саналады. Біздің Отанымыз ол біздің таза экологиядан басталады. Сол себепті барлық жастарды осы акцияға өз үлесін қосуға шақырамыз.

РКС: Бүгінде өңірдегі әр аудан қоршаған ортаны қорғау мен экологияны жақсарту жолында белсенділік танытып, «Таза Қазақстан» акциясына зор үлес қосуда. Айта кетейік, биыл экологиялық акция аясында облыс аумағында 2 мың гектар алқапқа 14 миллион түп көшет отырғызу жоспарланып отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ