ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша бірыңғай құқық сабағына 153 мектептен 8 мыңнан астам жоғары сыныптың оқушысы қатысты. «Жасөспірімдер ортасындағы қылмыстың алдын алу» тақарыбын қамтыған сабақ онлайн форматта өтті. Тәртіп сақшылары сәуірдің 10-да бастау алған «Жасөспірім» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында дәрістер оқыды.
РКС: Тәртіп сақшылары Ақмола облысының аумағында жастардың қатысуымен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың тіркелетінін атап өтті. Сондықтан «Профилактика жылы» аясында жсөспірімдер мен жастардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылуда.
СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ: Балаларға әрқұқықбұзушылық жасалатын салдарын түсіндірдік және де олардың жасаған үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді. Біздің ойымызша осындай сынып сағаттары өте маңызды, профилактикалық жұмысына өте тиімді деп санаймыз.
РКС: Топтасып төбелесу, вандализм, буллинг, бопсалау, есірткі заттарын жасыру және дропперлік қызмет жасөспірімдер мен студенттердің арасында мейлінше кеңінен таралған қылмыстар. Жастарға құқық бұзушылықтың салдары қоршаған ортаға, сонымен бірге оны жасаған адамның жеке өмірі мен болашағына қаншалықты әсер ететіні туралы айтылды.
СНХ: ГҮЛНАРА ЖАНБЕКОВА, ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ: Жабық мекемелерге барған кезде жазасын өтеушілердің 80 процентінің жастар екенін көріп жүрміз. Сондықтан бүгін біз оқушыларға заңның шеңберінен шықпау қажеттігін айтып, өз құқықтарын түсіндірдік. Егер жасөспірім заңсыздыққа жол берген жағдайда өз өміріне балта шабатынын да айттық.
РКС: Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мен төтенше жағдайц департаментінің қызметкерлері ерте жүктілік пен суға шомылу маусымы кезінде су айдындарындағы қауіпсіздіктің алын алуға қатысты ақпаратпен бөлісті.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ӘЛПІЛӘМ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қыздарымызға жаңағы қалаусыз жүктілікті болдырмау, ерте жыныстық қатынасқа түспеу туралы. Ерте жыныстық қатынасқа түсіп және жүкті болған кезде қандай асқынулар болатынын, қандай әлеуметтік, психологиялық, медициналық қауыпқатерлер туралы айттық.
РКС: Кездесу соңында тәртіп сақшылары мұндай шараларды жаңартылған форматта тоқсан сайын өткізілетінін жеткізді. Жастар кездесуде жоғары белсенділік танытты. Мұның өзі жүргізіліп жатқан жұмыстың қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ