ДИКТОР: Атбасар қаласының тумасы бүкіл саналы ғұмырын құрылыс және ауыл шаурашылығы саласына арнаған марқұм Бейсембек Құрманқұловты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир осымен екінші мәрте өтті.
РКС: Бейсембек Иликенұлы адам баласының не үшін өмір сүру керектігін түсінген, мақсатты жолында адалдық танытқан өмірдің парызы мен қарызын өтеуге жанын салған кең жүректі азамат деп еске алады оның жерлестері. 1971 жылы техникум бітірген соң еңбек жолын өзі туып өскен Атбасар қаласындағы құрылыс мекемесінде шебер болып бастап, ауыл шауруашылығына ауысып, көптеген лауазымдық қызметтер атқарды. Кешегі тоқырау тұсында тарыдай шашылып қалған Шуйское өндірістік коперативіне төраға болып сайланды. Тәуелсіздік елең алаңында құрдымға кеткен шаруашылықты аяғынан тік тұрғызды. Мұнан соң Шуйское-21 серіктестігне диреткор болып тағайындалып, егін және мал шаруашылығын биік деңгейге көтерді. Іскер басшы Бейсембек Құрманқұлов еңбекті мәдениетті спортты қатар дамытты.
СНХ: БӘТИМА СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ, БЕЙСЕМБЕК ҚҰРМАНҚҰЛОВТЫҢ ЖАРЫ: Бұл жарыс екінші рет өтіп жатыр. Осы жарыста өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Оған Бейсекеңнің ұлы, бүгіндері серіктестікті басқарып отырған Алтынбек балам мұрындық болды. Негізгі мақсат-Бейсембек армандап өткен ауыл балаларын әлемдік деңгейдегі спорттық биікке көктеру.
РКС: Елімізде теңдесі жоқ спорт кешенінің ат шаптырым залына қос кілем төселді. 200-ден астам белдесуге келген балғын балуандардыңкөңілдері көтеріңкі, жүздерінен жеңіске деген жігер сезіледі.
STEND-UP. ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ ТІЛІШІ: Финалдық белдесу тартысты өтіп жатыр.
СНХ: ЕСЕТ БЕКСЕЙІТОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (АСТАНА): Мен бірнеше жарысқа қатысып жүрмін. Мұндай биік деңгейдегі турнирді алғашқы көруім. Қарсыластарда мықты болды. Осы турнирден зор әсер алып қайтып барамын.
РКС: Шуйское ауылында заманауи спорт кешені ашылғаннан бері еркін күрес балуандары сан алуан жарыстарда жеңіске жетіп жүр. Осы орайда білікті бапкер Еркін Сәдуақасов ерең еңбегін атап өткен жөн. Бейсембек Құрманқұловты еске алуға арналған турнирде боз кілем иесі Орманбек Батырхан 32 келі салмақта чемпион атанды. Жергілікті 6 балуан жүлделі орындардан көрінді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЖАРАС АЛДИЯР, БАПКЕР: Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Керемет. Оған қаржы бөлген, спортшыларға барлық жағдай туғызған Шуйское-21 серіктестігінің бас директоры - Алтынбек Бейсембекұлына алғысымыз шексіз. Осындай іскер азаматтар ел спортына елеулі үлес қосса, нұр үсіртне нұр болады.
РКС: Екі күн бойы Шуйское ауылында еркін күрестің әдемі айла тәсілдерін көрсеткен жасөсіпірімдердің алдағы болашақта әлемдік деңгейдегі жарыстарда көрсек деген арманмен аттандық.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ СПОРТ