ДИКТОР: Биыл Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы аясында бірқатар маңызды шаралар өтуде. Қазақстандықтардың Отан үшін көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы, соғыстың қанқұйлы жылдарында да, еңбек майданында да ерекше орын алады. Осындай тарихи кезеңнің шежіресінде Мәлік Ғабдуллиннің есімі алтын әріптермен жазылған.

РКС: Орталық қалалық үлгілі кітапхананың ұйымдастыруымен өткен «Батыр ерлігі – Ел жүрегінде» атты конференция Кеңес Одағының Батыры, қазақтың мақтанышы Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналды. Шараға қатысушылар оның өшпес ерлігі туралы батырдың атындағы азамат бекініс академиясының курсанттарына тың деректер мен үлгі болар даналықтарынан сыр шертті.

  СНХ: РӘШИД ЫДЫРЫСОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Бұл тұлғаның өмір жолы, қайраткерлік жолы, тұлға ретінде қалыптасуы, майданда атқарған ерлік істері, көшбасшы қайраткер ретінде жалпы елімізге тек қана осы өңірге емес үлкен тұлға болып саналатындығы. Тарихи деректер, кітаптар, әдебиеттер толықтырылып жатыр. Міне соның барлығы үлкен қомақты өз үлесін қосып жатыр деп айтуға болады.

РКС: Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Батыр Мәлік» атты кітап көрмесін таныстырып, қордағы батыр туралы әдебиеттерге шолу жасады. Олардың ішінде Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен ерліктерін баяндайтын кітаптар, ғылыми мақалалар мен ерекше орын алды.

СНХ: ЛӘЗЗАТ СЫЗДЫҚОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ: Біз кітапханада көптеген іс-шаралар ұйымдастырып жүрміз. Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орай айлық өткізіледі. Сол айлыққа байланысты бірнеше көрме ұйымдастырып, әдеби сазды кештер ұйымдастырамыз. Өйткені жас ұрпақты біз өткенімізбен тәрбиелеуіміз керек. Патриоттық тұлғаның өмір жолы бізге өнеге.

РКС: Келешек ұрпаққа батырдың өмірі мен ерліктерін үлгі ете отырып, оның жауынгерлік жолы мен Отанына деген сүйіспеншілігі маңызды әрі ұлағатты сабақ болары анық.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ