ДИКТОР: Жұмысшы мамандықтар жылына орай мемлекет жұмыспен қамтуды қолдау шараларын күшейте түскен. Соған байланысты оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынуда. Жарты жылдың ішінде сұранысқа ие мамандық иесі атануға немесе біліктілітікті арттыруға болады. Тілші баяндайды.

РКС: Жаңа мамандықтарды меңгеру мен біліктілікті арттыру мақсатында кәсіби дайындық, қайта даярлаудан өту үшін кәсіптік оқытудың маңызы зор. Курстың ұзақтығы біліктілік пен машықтардың ерекшеліктерін есепке алғанда 6 айдан аспайды. Одан өту үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал ауылды жерде әкімшілікке жүгіну қажет.

СНХ: МАКСИМ ВАЙС, БІЛІМ АЛУШЫ: Әскери борышыымды өтеп келгеннен кейін жұмыс іздеп Көкшетаудағы мансап орталығының көмегіне жүгіндім. Бұл жердегілер мені «Али» ерлердің шаштараз салонына оқытудан өтуге жіберді. 3 ай оқимын, одан соң қолыма сертикат аламын. Осы салада сосын жұмысымды жалғастырамын. Жастарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетіп жатқан мансап орталығына ризашылығымды білдіремін.

РКС: Биыл қысқамерзімдік кәсіптік оқытуға 90 жұмыссызды жіберу жоспарланған. Оның 60-ы жұмыс берушінің жұмыс орнында, қалғаны жұмыс берушінің өтінімі бойынша білім беру ұйымдарында өтеді.

СНХ: ДИАНА ЕРНИЯЗОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Қысқамерзімдік кәсіптік оқытуға жұмыс берушілерден қазір 16 өтінім қабылданды. Оның 10-ы жұмыс берушінің жұмыс орнында, 6 сұраныс 40 жұмыссыз азаматты оқытуды қамтуға келіп түсті. Оның 28-і жұмыс орнында, 12-сі жұмыс берушінің сұранысы бойынша оқытылады.

РКС: Қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өткен жұмыссызға білім алғандығын дәлелдейтін сертификат беріледі. Сонымен қатар жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес тұрақты жұмысқа орналастырылады.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ