ДИКТОР: Отан қорғаушылар күніне орай Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті жанындағы әскери кафедра түлектеріне «Ашық есік күні» форматында экскурсия өтті. Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қабырғасында өткен бұл танымдық экскурсия жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен іске асты. Әріптесім Сәния Есімсейітова жалғастырады.

РКС: Іс-шара барысында болашақ офицерлер аталған басқарманың негізгі қызметінің бағытымен, құрылымымен және күнделікті жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Студенттер қазір бос тұрған жұмыс орындары, оған қойылатын талаптар мен қызметкерлерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы кеңінен ақпарат алды. Сонымен қатар, жас мамандарға ішкі істер органдарындағы мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтылды.

СНХ: БЕКСҰЛТАН ӘБУ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2 КУРС СТУДЕНТІ: Бізге бүгін экскурсия ұйымдастырды, мұражайды көрсетті. Сондай-ақ мамандандырылған күзет қызметі басқармаларына қабылдану тәртібі мен барлық маңызды мәліметтерді түсіндірді. Осы іс-шарадан кейін мен мамандандырылған күзет қызметін басқару саласындағы жұмысқа келу туралы нақты ойлана бастадым.

РКС: Іс-шара соңында студенттерге мекеме ғимараты бойынша шағын экскурсия ұйымдастырылып, қызметтік бағыттағы техникалық құралдар мен күзет құрылғылары көрсетілді. Осындай кездесулер жастардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беруде маңызды роль атқарады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ