ДИКТОР: Хоум Кредит Банк 20 жылдық мерейтойына орай ауқымды экологиялық "Жасыл аллея HOME CREDIT BANK Business" бастамасын іске асыруды жалғастыруда. Акция аясында банк қызметкерлері мен серіктестері Көкшетауда ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл жоба елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыруға үлес қосуға бағытталған.

РКС: Көкшетаудағы "Алаш арыстары" саябағына жасыл желек отырғызылды. Банк қызметкерлері мен серіктестері 100 түп ағаш, оның ішінде қарағай мен уссури алмұртын отырғызды.

СНХ: АРИНА ЛЕПИХОВА, HOME CREDIT BANKТІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Біз ағаштарды жәй ғана отырғызып қоймаймыз. Осы жасыл желекке жауапты адамдарымыз бар. Олар бұл ағаштарды қарап, күтіп, суарып, есеп береді. Бұл біз отырғызып, кейін ұмытып кететін көшеттер емес. Оларға қамқорлық жасап, өсуін қадағалаймыз. Биыл осы акция шеңберінде Қазақстанның ірі қалаларын қамтуды жоспарлап отырмыз. Кем дегенде 1 мың ағашқа дейін отырғызуға дайынбыз.

СНХ: СОФЬЯ КАРАПИДИ, HOME CREDIT BANK ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз салтанатты мерекенің орнына алдағы онжылдықта клиенттерімізді, серіктестерімізді және қала тұрғындарын қуанта алатын жасыл аллея өсіруді маңызды деп шештік. Өйткені біз үшін бизнес қашанда санға да, ақшаға да емес, ең алдымен адам мен әлеуметтік жауапкершілікке қатысты. Қазіргі таңда бізбен бірге 20 жыл бұрын бизнес бастаған және жақында қосылған серіктестер бар.

РКС: Жобаның бірегей ерекшелігі - әрбір ағашта Home Credit Bank Business серіктестерінің логотипі бар қайта өңделген пластиктен жасалған белгі болады. Осылайша бастамашылар бизнес пен әлеуметтік жауапкершіліктің байланысын көрсетеді.

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, «АТАМЕКЕН» АЙМАҚТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл бір реттік шара емес, алдағы уақытта біздің Ақмола облысының басқа аймақтарында да кәсіпкерлік субъектілерімен мұндай шараларды жүзеге асыра аламыз деп сенемін. Өйткені қаламызды, аудандарымызды, өңірімізді көгалдандыру барша адамға ортақ міндет деп білемін.

РКС: 200 мың тұрғыны бар Көкшетау қаласында «Жасыл аллея HOME CREDIT BANK Business» акциясы төртінші болып өтті. Бұған дейін Алматы, Шымкент, Астана қалаларында ағаш отырғызылған.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ