ДИКТОР: Ақмола облысында көктем басталысымен кене шағуға байланысты шақыртулар көбейді. Дәрігерлер өңірде қауіпті вирустарды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдаушылар белсенділік танытып жатқанын ескертті.

РКС: Облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесінің берген мәліметтері бойынша облыста былтырдың өзінде кене шағудың 415 оқиғасы тіркелді. Оның төртеуінде кене энцефалитінің диагнозы зертханалық түрде расталды.

СНХ: ҒАЛЫМБЕК АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз иммуноглобулинді арнайы ем ретінде қолданамыз. Егер сізді кене шағып алса, оны бірден алып тастамаңыз. Ең алдымен медициналық көмекке жүгіну керек. Тиісті көмек алу үшін медициналық мекемеге барып, ол жерде бұл кенеде вирустың бар-жоғын тексеру керек.

РКС: Дәрігерлер кене шаққан жағдайда уақытты босқа өткізбеу керектігін ескертеді. Алғашқы 4 күн ішінде медициналық көмекке жүгіну керек - дәл осы кезеңде иммуноглобулинді тиімді енгізуге және инфекцияның таралуын тоқтатуға болады.

СНХ: ӘЛИЯ КЕНЖЕБЕКОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ: Біз кенеге байланысты көмекке жүгінген 76 науқасты тіркедік. Яғни, науқастар қабылдау бөліміне өздері келеді. Егер жәндік қалдықтары адам денесінде қалса оны алып терапевт немесе хирург тексереді, содан кейін науқасқа кене энцефалитіне қарсы екпе алу керектігі түсіндіріледі. Біз қазірдің өзінде 76 екпе жасадық. Бүгінгі күні біз де қосымша 50 иммуноглобулиндік екпе алдық. Біздің реанимацияға адамдар өздері немесе учаскелік дәрігердің жолдамасымен немесе жедел жәрдем көлігімен келеді. Бірақ 76 жағдайдың барлығында емделушілер өздері келген.

РКС: Осы кезеңде табиғатта бірқатар қорғаныс шараларын сақтау қажет. Жабық, тығыз киім киіңіз және үйге оралғаннан кейін денеңізді мұқият тексеріңіз. Кенені тапсаңыз, дереу ауруханаға барыңыз.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ