ДИКТОР: Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында бірқатар елдімекеннің құрамы мен мәртебесін қайта бекітті. Целиноград, Аршалы, Ақкөл, Бұланды, Егіндікөл және Біржан сал аудандары бойынша шешім қабылданды.

РКС: Сессияның күн тәртібіне Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылын жеке-дара әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде құру туралы мәселе шығарылды. Халық санының ұлғаюына байланысты ауыл мәртебесін өзгертуге шешім қабылданды. Қазір ондағы тұрғындар саны 25 мыңнан асады.

СНХ: РУСЛАН ШӘМКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Әрине, біздің Аршалы ауданының тіршілігіне оң әсер ететіні сөзсіз. Халық саны өсуде. Жібек жолы жеке-дара елдімекен атанды. Округ етілді, орталығы ауыстырылды. Жалтыркөл кенті ауылдың дамуына ықпал етеді. Менің ойымша дұрыс қабылданған шешім деп білемін. Әріптес депутаттарға алғыс айтамын. Бәрі бір кісідей қолдап, шешімді іске асырды.

РКС: Облыстық әкімдік Ақсу ауылын есептік мәліметтен алып тастап, өзге қоныстардың санатына қосып, оны Уәлиханов селолық округіне қарасты Уәлиханов ауылының құрамына енгізу туралы ұсыныс берді. Ресми деректерге сүйенсек, қазір елдімекенде 42 үй бар, соның тек 26-сында ғана адамдар тұрып жатыр. Ақпанның 18-де жергілікті тұрғындар бірауыздан бұл бастаманы қолдады.

СНХ: ЕСДӘУЛЕТ ҚАЛЕНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыстық мәслихаттың бүгінгі сессиясында ауданның әкімшілік шекарасына қатысты мәселе көтерілді. Біздің ауданда мәслихат сессиясының шешімімен және аудан әкімінің өкімімен Ақсу ауылы таратылды. Бұл елдімекенді біз Уәлиханов округіне қосамыз, ол сол өңірдің экономикалық және әлеуметтік көрсеткішіне ықпал етеді.

РКС: Әкімшілік-аумақтық жайластыру бойынша бүгін қабылданған шешімдер облыстық әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуге жіберілді. Қабылданған барлық қорытынды рәсімделгеннен кейін және ресми түрде жарияланғаннан соң заңды күшіне енеді.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ