ДИКТОР: Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кеше Көкшетаудың орталық алаңында таңертең басталған ауқымды шара түнге дейін ұласты. «Бірлік жарысы» марафонына 600-ге тарта ақмолалық қатысып, белсенділік танытты. Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан бір топ ақмолалық марапатталды. Бірлік мерекесі аясында «Би – рух тынысы» ІІ республикалық хореографиялық фестивалі, «Әр ұлт достығы» оркестрлер шеруі мен ашық аспан астындағы жастардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Орталық алаңда еліміздің түкпір-түкпірінен келген кәсіби және әуесқой хореографиялық ұжымдарды біріктірген II республикалық «Би – рух тынысы» хореографиялық фестивалі өтті. Жалт-жұлт еткен ұлттық киімдер, әдемі қимылдар мен өзіндік қойылымдар көрермендерге нағыз эстетикалық ләззат сыйлап, хореографиялық дәстүрдің қаншалықты бай екенін көпшілікке паш етті.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ақмола облысында Қазақстан халқының бірлігі күні, осы атаулы датаға арналған ауқымды шаралар өтуде. Дәл қазір Абылай хан алаңында екінші республикалық «Би – рух тынысы» фестивалі өтіп жатыр. Фестивальге Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарның үздік ұжымдары қатысуда.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Хореографиялық фестивальдан соң Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр мен эстрадалық-үрлемелі аспаптар ұжымдарының қатысуымен «Оркестрлер шеруі» өтті. Бағдарлама барысында бір шаңырақ астында бас қосқан әр этнос өкілдерінің сазды әуендері мен әндері орындалды. Концертке «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрісова, «Мәдениет қайраткері», «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов, Республикалық байқаулардың лауреаттары Серікболсын Бекмолдин, Аякөз Қалмағанбетова, Аманғали Жұматаев, Мерғали Хамит, Алла Беш өнер көрсетіп, қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сылайды. Мерекелік шараны отбасымен тамашалауға келгендердің бірі Жүсіповтердің жанұясы. Бір қызығы, бұл отбасы интернационал. Отағасы қазақ, жұбайы Дафни ханым – америка елінен қазақ отбасына келін атанған.

СНХ: БОЛАТ ЖҮСІПОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазақстанның халықтарының бірілігі күні құтты болсын. Еліміз тыныш болсын. Осылай барлығымыз мейрамды тойлап, аман-сау жүретін болайық.

СНХ: ДАФНИ ЖҮСІПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін ерекше мереке. Кешкі серуенгше шығып, осындай керемет кештің куәсі болдық. Қала, облыс басшылығына рахмет, халық үшін концерттік бағдарлама ұсынып, көңілімізді көтеріп жатыр. Біз бұл мерекені балалық шағымыздан білеміз. Жанымызға жақын әрі ізгі мерекелердің бірі.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бірлік пен келісімнің жарқын мерекесі жастарға арналған «Open Air» концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. Сахна төрінде танымал орындаушылар, диджейлер мен би командалары өз өнерлерін паш етті. Ашық аспан астында заманауи хит әндер жанды дауыста орындалды. Ал жастар болса еркіндіктің, сазды әуен мен керемет көңіл-күйдің атмосферасына бөленді.

СНХ: КАРИНА БЕЛОУСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: МЖастардың қазіргі сүйіп тыңдайтын әуендері орындалып жатыр. Түрлі байқаулар да қызықты етіп ұйымдастырылыпты. Барша жерлестерімді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Аспанымызды ешқашан бұл торламасын!

РКС: Шынында да бұл мереке әр қатысуышының жүрегіне жылылық ұялатып, ұрпақтарды, мәдениет пен әуезді біріктірді.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ