ДИКТОР: Көкшетауда білім саласы қызметкерлерінің арасында дәстүрлі шағын футбол турнирі өтті. Ол Жеңістің 80 жылдығы мен спорт ардагері, ұлағатты ұстаз Жасұлан Елубаевты еске алуға арналды.
РКС: Футбол алаңында кәсіби спортшылар емес, күн сайын «білім алаңына» шығатын жандар, мұғалімдер, жаттықтырушылар мен мектеп қызметкерлері. Турнирге 16 команда қатысты.
СНХ: РАУШАН ХАСЕНОВА, №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін біздің мектебіміздің бастауымен №17 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі болған марқұм ұлағатты ұстаз Елубаев Жаслан Махметұлын еске алу футбол турниры басталғалы отыр. Бұл турнир бізде төртінші рет откізіліп жатыр, Жылда біз бұл турнирді өткіземіз. Қала мектептерінің барлық қызметкерлері, пән мұғалімдері, дене шынықтыру мұғалімдері белсене қатысып жүр. Енді бұл турнирге сәттілік тілей отыра, келе жатқан отан қорғаушылар, 9-шы мамыр жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
РКС: Жасұлан Елубаев өмірін өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арнап, оларды салауатты өмір салтына және спортқа баулыды. Ол 35 жылдан астам уақыт мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. Сондай-ақ 8 жыл мектеп директоры болды. Турнирге қатысушылар тек жеңіс үшін ғана емес, өз білім беру ұйымдарының, аудандарының намысы мен ардагерлердің асыл рухына құрмет ретінде күш сынасты.
СНХ: ҚАЙРАТ СМАҒҰЛОВ, №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Біз бұл жарысты дәстүрлі түрде төрт жыл қатарынан өткізіп келеміз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Ең мықтысы жеңеді деп ойлаймын. Жаслан Ахметұлының есімі мәңгі есімізде.
РКС: Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ