ДИКТОР: Көкшетаудағы жүрек орталығында жылына шамамен 300, айына 25-30 адамға ота жасайды. Оның ішінде күрделі, яғни ашық жүрекке жасалынатын оталар бар. Бұл орайда анестезиолог-реаниматологтарға үлкен жауапкершілік артылады. Өйткені ота жасауға шешім қабылдайтын осы дәрігерлер.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Оразтай Жанабергеновке жүрек орталығында екі рет ота жасалды. Оның қан қысымының тұрақсыздығы және жүрек ауруымен ауырғанына бірнеше жыл болған.

СНХ: ОРАЗТАЙ ЖАНАБЕРГЕНОВ, ЕМДЕЛУШІ: 12 күндей болды дейді мен ұмытып қаламын. гипертонический ауру, круглый год дәрі ішемін. Мына жерім күнде ауырып жимайтетіп, сосын осында жіберді. Операция жасады, енді түзеліп келе жатырмын. Дәрігерлерге мыңда бір рахмет.

РКС: Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы жүрек орталығының анестезиолог-реаниматологы Мажит Ахметов денсаулық сақтау саласында 2010 жылдан бері еңбек етуде. 2019-шы жылдан бері жүрек орталығында еңбек сіңіріп жүр. Орталықта әріптестерімен бірге айына 200-ден аса адамның денсаулығын тексереді. Айына жасалынатын 30-ға жуық отаға жауапты.

СНХ: ӘДІЛЕТ ӘШІМ, ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КАРДИОХИРУРГЫ: Операция жасауға бола ма жоқ па. Пациенттер бізден келіп сұраса негізгі сұрайтын кісілер осы. Өйткені олар ұйықтатады шешім қабылдайды, егер осы кісіге операция жасасақ еңбегін көріп тұрғаны. Біздің жұмыс көрінгенмен көп жұмыс осы кісілердің арқасында негізі маңдай тер осылардікі. Бізге жол көрсетіп отыратын күн сияқты. Оны көп адам біле бермейді.

РКС: Кез келген дәрігер үшін алдына келген науқастың емделіп, отбасына аман есен оралуын көру үлкен бақыт, сол кездегі мақтаныш пен жылы сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - дейді кейіпкеріміз.

СНХ: МӘЖИТ АХМЕТОВ, АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ: Ол сезімді ешқашан айта алмаймыз, ол сезім өзіңнің еңбегіңді сезінесің да еңбегіңнің нәтижесін. Алдымызға нашар түскен науқастың тәуір болғанын көргенде бақытты сезім ол сезімді айту мүмкін емес.

РКС: Әзербайжан ұлтының өкілі бірнеше тілде еркін сөйлейді. Қазақ, орыс, өзбек, түрік, азербайджан тілдерін меңгерген. Көптілді білу уақыт талабы, кейде шетелдік туристердің де ауруханаға түсіп қалатын кездері болады. Науқасты түсініп, дұрыс ем жасау үшін тілді білудің маңыздылығы жоғары дейді ол.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ