ДИКТОР: Биыл - Зеренді ауданына қарасты Қызылсая ауылында мектеп ашылғанына 100 жыл. Ауыл тұрғындары, мектеп түлектері мерейтойды атап өтуге дайындық үстінде. Атаулы датаға орай 59-ыншы түлектер ерекше тарту жасады.
КСМ: Қызылсая ауылының негізі 20-ыншы ғасырдың басында қаланған. Ал мектеп 1925 жылы ашылды. Сол уақыттан бері ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Дәл осы мектепті бітірген түлектер ауылдың дәл ортасына осындай шағын архитектуралық нысан орнатты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАНАТ КИПАСОВ ҚЫЗЫЛСАЯ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ: Қызылсая ауылының мектебін бітіргенімізге 20 жыл уақыт болды. 20 жылдыққа, мектебімізге биыл 100 жыл болып жатыр. Соған енді өзіміз қыздар-ұлдар, бірге оқыған, осындай шешімге келдік. Осындай жазу жазайық деп, халық риза болып жатыр.
КСМ: Нысанның ашылуы бірлік күнімен тұспа тұс келуі де бекер болмас. Себебі бұл 2005 жылы мектепті бітірген түлектердің ортақ ісінің нәтижесі. Демалыс күндері арнайы келіп осы жұмысты өздері істеп шықты.
СНХ: САЯХАТ ҚАБДОЛЛИНОВ ҚЫЗЫЛСАЯ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ: Өзіміз мектеп бітіргенде 30 оқушы болып бітірдік, сол 30 оқушының арамыздағы 1 сыныптасымыз осы ауылда, елде, елден кеткен емес. Біз кетсек те, елімізде әрдайым ұмытқан емеспіз. Келіп тұрамыз. Болашақ жастарға үлгі болсын, көрсін білсін, осындай оқушылар оқыды деп.
КСМ: Ашылуы салтанатында ауыл тұрғындары, ұстаздар жиналды. Олар үшін бұл шағын мереке іспеттес.
СНХ: НҰРЖАН АҚМАҒАМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛСАЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Елдің азаматтары риза болып жатыр Қызылсаяның. 88-інші жылғы жігіттер мен қыздарға рахмет айтамыз ел болып. Әдемі болсын деп өздері ақылдасып, келісіп, көркейтіп, мектебімізге сыйлық жасап жатыр, ауылымызға. Еліміз аман болсын, мектебіміз көркейе берсін.
КСМ: Сондай-ақ, түлектердің, тұрғындардың, ұстаздардың атынан ағаш отырғызылды. Туған жерімізді, ұшқан ұямызды ешқашан ұмытпаймыз, байланысты үзбейміз, - дейді түлектер. Себебі ауыл - алтын бесік!
ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ