ДИКТОР: Астрахан агробизнес және сервис колледжі облысымыздағы іргелі оқу орындарының бірі. мұнда жастар орта буын маман исеі болумен қатар өзінің жеке кәсібін ашуға да мол мүмкіндік алған.
STEND-UP. ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ. ТІЛШІ: Колледжде жыл басында ұннан әртүрлі тоқаштар, бауырсқ пісіріп, студенттер оны арзан бағамен сата бастады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: НАТАЛЬЯ КВИНТ, ӨНДІРІСТІК ОҚУ ШЕБЕРІ: Жыл басында біздің колледждің базасында шағын кәсіпорын ашылды. Онда нан-тоқаш өнімдерін пісіреміз. Оны Астрахан ауданының сауда нүктелері арқылы жергілікті тұрғындарға сатып, студенттер қаржы табады. Сөйтіп, болашақ жұмысшы мамандар кәсіпке үйренеді.
РКС:Колледж студенттері жыл сайын 720 гектер жерге дәнді-дақылдар егіп және 17 гектар алқапқа көп жылдық шөп егеді. Бүгіндері ылғау жабу жұмыстары аяқталды.
СНХ: ВАЛЕНТИНА ПУТИНЦЕВА, АСТРАХАН АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз Бараев институтымен тығыз байланыстамыз. Студенттеріміз тәжирбиелік сынақ алаңында жұмыс істейді. Сөйтіп, бидай себудің жаңа технологиясымен танысады. Оны Астрахан ауданынының серіктестерінде сынақтан өткізеді.
РКС: Сапалы білімді еңбекпен ұштастырып, кәсіпкерлікке де үйреніп жатқан жалынды жастар болашақтарына сенімді.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ