ДИКТОР: «Көптілді және көпмәдениетті әлем: зерттеу тәсілдері мен стратегиялары» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жиын ғалым, зерттеуші Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналып отыр. Шараға алыс-жақын шет ел ғалымдары онлайн форматта қатысып, өз ұстанымдары мен стратегияларын ұсынды.
РКС: Өзекті мәселенің бірі көптілді және көпмәдениетті кеңістікті зерттеудің заманауи теориялық және қолданбалы аспектілері талқыланды. Сонымен бірге осы ортада жұмыс істеудің тиімді стратегиялары мен әдістері де тілге тиек етілді. Аталған шараға елімізде және шетелде кеңінен танымал тіл мен әдебиет саласының ғалымдары қатысуға ниет білдірген. Барлығы онлайн форматта қосылды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЙГҮЛ ЖАҚЫПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Қазақстан үшін бұл өте маңызды мәселе деп білемін. Қазақстан полиэтникалық мемлекет. Онда 130-ға жуық этнос өмір сүреді, жұмыс істейді. Президент өз сөзінде айтып өткендей қазақ тілі этносаралық қарым-қатынас тіліне айналып отыр. Бұл жаппай қос тілділіктің дамуы. Балаларымыз көп мәдениетті және полилингвиндік елде өсіп, қалыптасып жатыр.
СНХ: ГҮЛДЕН ТІЛЕУБЕРДИНА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Аталмыш шараның басты мақсаты-қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі жалпы қоғам үшін, жалпы Қазақстан үшін маңызды көпмәдениетті және көптілді кеңістікті зерттеудің негізгі стратегияларын қалыптастыру, оның қолданбалы аспектілерін талқылау. Аталмыш шараға шетелден,Қазақстаннан белгілі ғалымдар қатысып отыр.
РКС: Айта кетейік, аталған мәселе әлеуметтік-лингвистикалық, психолингвистикалық, когнитивті, дискурсивті немесе мәдени көзқарас болуы мүмкін. Әрқайсысы көп тілді және көп мәдениетті қауымдастықтарда болып жатқан процестерге жаңа көзқараспен қарауға ықпал етеді. Екіншіден, стратегиялар нақты практикалық шешімдер мен құралға айналып, ғылымның дамуына үлес қоса бермек.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ