ДИКТОР: Көкшетауда мектеп директорлары арасында "Білімді ұлт - жарқын болашаққа бағдар" атты IV облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен келген 20-ға жуық мектеп басшылары қатысты. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
РКС: Бірнеше топқа бөлінген мектеп басшылары берілген уақыт ішінде өз ойларын толықтай жеткізіп үлгерулері қажет. Дебат Американдық парламенттік форматта өтті.
СНХ: ҚУАНЫШ ТӨЛЕГЕН, АЗАТ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ (АКҚӨЛ АУДАНЫ): Қазіргі сәтте осы дебат бағдары қатты дамып жатқаны барлығына белгілі. Бұл адамның ой-ұшқырын дамытуға, тілге, жақсы сөйлеуге, ұтымды ойлар тастауға тәрбиелейді. Және де келешек ұрпақ осы дебат мәселесімен айналысқандарын қатты қалаймын.
РКС: Бұл жолы мектеп директорлары әлеуметтік желі, кәсіптік білім және білім сапасын арттыру тақырыбында сөз жарыстырды.
СНХ: АЗАМАТ СҮЙІНОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бүгін басшылар арасында ІТ саласы бойынша, білім саласы бойынша және кәсіптік білім бойынша ойындар өтті. Қатысушылар өте жоғары деңгейде ойын көрсетті. Ойын керемет өтті.
РКС: Пікірсайысқа қатысуға мектеп басшылары өздері өтініш білдірген. Бұл - білім ошағы директорларының біліктілігін арттырып қана қоймай, үздік басшы атануына оң ықпал етпек. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Көкшетау тобы еншіледі. Ал, екінші орынды Бурабай ауданынан келген команда иеленсе, Қосшы қаласының директорларынан құралған команда үздік үштікті қорытындылады.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ