ДИКТОР: Көкшетауда асық атудан ерлер, әйелдер арасында Қазақстан Республикасының жекелей және командалық чемпионаты өтуде. Ол бірнеше күнге созылады.
РКС:Еліміздің 16 өңірінен келген ұлттық асық ату ойындарына қатысушылар сап түзеп ортаға шықты. Үміткерлерді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин, Көкшетауда спорттың осынау түрінің алғашқы жарысын өткізген 85 жастағы абыз ақсақал Мейрамбек Қиықов құттықтап, асықтарының алшы түсуіне ақжолтай тілектерін айтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС:Түстен кейін Болашақ сарайының залдарында асық ату ойындары басталып кетті. Әр облыстан келген спортшлардың осалы жоқ. Бәрі де жүлдеден үмітті.
STAND-UP:ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Асық ату ойыны қазақтың қанында бар.
СНХ: САМАТ ӘУКЕНОВ, БАС ТӨРЕШІ: 16 команда 120 спортшы келді. Әр облыста 4 ерлер, 4 әйелдер бар. Чемпионаттың деңгейі биік.
СНХ:ТИМУР САЙЫТБЕКОВ, АСЫҚ АТУДАН АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА БАПКЕРІ: Біз жаңа облыс болғаннан кейін асық ату ойыны енді қарқын алып келеді. Көкшетауға өз басым бірінші рет келіп тұрмын. Уақыт тауып кеше қаланы аралап шықтым, өте таза әдемі екен. Асық ату чемпионатының ашылу салтанаты биік дәрежеде өтті. Болашақ сарайы спортшыларғы өте қолайлы , кең , жарық әрі жылы.
РКС:Асық атудан жалауын көтерген Қазақстан Республикасының чемпионаты бірнеше күнге созылады.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ