ЖҮРГІЗУШІ: Биыл Ақмола облысына 9 айда 350 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Оның ішінде өнеркәсіп саласынан үлесі көп. Кәсіпорындары қуаттылығын жыл сайын арттырып келеді. Өндірісі өркендеген өңірдің бірі - Степногорск қаласы.

КСМ: Степногорск подшипник зауыты елдегі подшипниктердің 100%-ын өндіреді және машина жасау мен басқа да салалардың дамуында маңызды рөл атқарады. 2 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде подшипник өндірісінің көшбасшысы.

СНХ: АЛЕКСЕЙ БРАТЧЕВ «СТЕПНОГОРСК ПОДШИПНИК ЗАУЫТЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ: Біз подшипниктің бірнеше түрін шығарамыз. Локомотивтерге арналған және ауыр өнеркәсіпте қолданылатын подшипниктерді жасаймыз. Өндірістік қуатымыз жылына 2,4 миллион дана өнім. Биыл 1,6 миллион подшипник шығаруды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы оны 300 мың өнімге ұлғайту көзделуде. Осы жылы 3 жарым миллиард теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырдық. Оған қондырғыларды жаңартып жатырмыз. Сондай-ақ, Еуропа одағына шығуды жоспарлап отырмыз. Сол стандартқа сай өнімдерді әзірлеу үшін жаңа қондырғылар қажет.

КСМ: Степногорск қаласындағы еліміздегі ең ірі жылыжайлардың бірі 2010 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен іске қосылды және Ақмола облысының өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген. Бүгінде жылыжай кешенінің ауданы 5 жарым гектар. Өндірістік қуаты – жылына 2500 тонна көкөніс. Өндіріс жыл бойы елорданың жаңа піскен қияр, қызанақ және аскөкке деген қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өнімдер еліміздің басқа аймақтарына сатылады. Биылғы сәуір айында жобаның екінші кезегі іске қосылды, оның шеңберінде жаңа көкөніс дақылдарын, атап айтқанда баялды өсіру қолға алынды.

СНХ: АЛЕКСАНДР ГРИБАЛЕВ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛЫЖАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта серіктестікте 100-ге жуық жұмысшы істейді. Орташа жалақы 170-180 мың теңге. Бұл біздің сала үшін аз емес. Дегенмен біз айлықты арттыру бағытында шаралар қабылдап жатырмыз. Өнімдеріміздің жартысынан көбі Астана қаласына жіберіледі. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарына сатамыз.

КСМ: «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС алдағы уақытта жылына 50 тоннаға дейін құлпынай өсіру бөлімін салу жоспарланып отырғанын айтты. Осыған байланысты өндірістік сипаттағы бірқатар мәселелерді шешіп, жылыжай кешенінің қуатын кеңейтілмек.