ДИКТОР:Есіл қаласында заманауи спорт кешенінің пайдалануға берілгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Жаңа оқу жылы басталғалы жергілікті балғындар спорттың бірнеше түрімен тұрақты айналыса бастады. Соның бірі - суда жүзу спорты.

РКС:Бассейн балалардан бастап Есіл қаласының тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетеді. Яғни, суда жүзуді үйреніп, салауатты өмір салтын қалыптастырам деушілерге барлық жағдай жасалған.

STAND-UP:ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Түске дейін екі топ жаттығу жасайды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ:САЯТ ҚОЙШЫҒАРА, БАПКЕР: Бүгіндері бассейн кестеге сай жұмыс істеп тұр. Күніне 200-ден астам адам суға жүзіп, шынығады. Әсіресе, балалардың қызығушылығы басым. Олар күн сайын жаттығып, шеберліктерін шыңдап жүр. Алда жауапты жарыстар бар. Соған тұңғыш рет қатысамыз.

СНХ:РАМИНА КЕНЖЕБЕКОВА, СПОРТШЫ: Мен жүзу спортымен бір ай айналысып жүрмін. Бұрын Есіл өзенінде шомылғанда жүзудің кейбір әдістерін меңгердім. Енді бассейнде бапкердің ақыл-кеңесімен жаттығып жүрмін.

РКС:Есілде тұңғыш рет ашылған спорт кешенінің суда жүзу бассейні бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізіп жатыр. Жергілікті өрендер жыл соңында өтетін жарысқа дайындық үстінде.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ