ДИКТОР: Жыл сайын елімізде қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл мерекенің күздің соңына қойылуы да тегіннен тегін емес. Жыл бойы еңбекпен табылған жемістің қорытындысы шығарылып, еңбек адамының жұмысы бағаланады. Бүгін мереке қарсаңында Көкшетауда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің өңірлік форумы өтті.

STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 1,5 есеге дейін өсіп, 828 млрд. теңгеге табыс түсті. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Соңғы 10 жылда биыл Ақмола өңірі астықтың рекордтық өнімін жинады. Әр гектарына орташа есеппен 14 центнерден келді. "Журавлевка-1", "Максимовская", "Дихан плюс" және өзге де бірқатар шаруашылықта өнімнің шығымдылығы гектарынан 60 центнерден айналды. Ауыл шаруашылығы саласына қажетті техникалық база да біршама жақсарды. Дала жұмыстарына соңғы үлгідегі 16 мың техника жұмылдырылды. Салтанатты шарада облыс әкімі Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы қызметкерлерін төл мерекемен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне зор үлес қосқан қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Ауыл шаруашылығы саласында отбасылық династиялар да көп. Биыл оларға ерекше құрмет көрсетілді. Ақмола облысынан осындай үш әулетке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жеңіл автокөліктің кілтін табыс етті. Жақсы ауданынан Райскийдің, Бурабай ауданынан Каспиевтің, Целиноград ауданынан Городецкийдің әулеті осындай зор қошеметке бөленді. Щучинск қаласындағы "KAZBEEF" серіктестігі ет және ет өнімдерін тек еліміз бойынша ғана емес, сонымен қатар Дубай, Ресей, Өзбекстан елдеріне де экспорттайды. Аталған серіктестікте қарапайым жұмысшы болып еңбек ететін Асылжан Қанжаров бүгін "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

СНХ: АСЫЛЖАН ҚАНЖАРОВ, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ:

STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласына зор еңбегі сіңген бірнеше адам Мемлекет басшысының Жарлығымен "Еңбек даңқы", "Құрмет" ордендерімен марапатталды. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихында бұрын-соңды қарапайым жұмысшыға жасалмаған құрмет,-деді шараға қатысқандар. Сонымен қатар бір топ еңбек адамы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын иеленді. "Еңбек ардагері", "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгілері де нағыз еңбек адамының кеудесіне тағылды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.