Степногорск қаласында "ҚЫС-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Жергілікті билік органдары, коммуналдық қызметтер мен мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің құрылымдық күштері қыс мезгіліндегі құтқару жұмыстарын жүргізді.

РКС: Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай командалық-штабтық оқу-жаттығуларды жыл сайын өткізеді. Сап түзеуден басталған шарада қала басшылығы мен өңірлік бөлімшелер азаматтық қорғаудың 13 қызметі мамандарының дайындығын тексеріп, бір шолып шықты. Степногорскіде 40-тан астам техника мен 120-дай маман бар.

СНХ: ЕРЖАН ҚАППАСОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Біз оқу-жаттығудың алты кезеңінен өтеміз. Бізде жылу электр орталығында өрт болады, кейін жылу және су құбырында ақау шығады. Содан соң үйлері суып кеткен адамдарды эвакуациялайды. Осы бағыттармен жұмыс істейміз. Олардың тұруы, эвакуациялануы, тамағы – бәрі қарастырылған. Сондай-ақ, қарлы боранда қызметте жүретін жол қызметкерлерімен жұмыс істейтін боламыз.

РКС: "ҚЫС-2024" оқу-жаттығу барысында апатты-құтқару жұмыстарын нақты жағдайда өткізді. Құбырдың ақауы залалсыздандырылып, қажетті жұмыстар жүргізілді. Ең қиын кезең – коммуналдық кәсіпорындағы апатты жою. Алға қойған тапсырманы мінсіз орындаудың басты себебі - қызметкерлердің үйлесімді жұмысы.

СНХ: ЕРКІН БЕРЛІБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Степногорк жылу электр орталығындағы өртті оқшалау, адамдарды құтқару, өртті дер кезінде сөндіру мінсіз, әрі жылдам орындалды.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, "Қыс-2024" оқу-жаттығу кезінде ақпараттандыру жүйелері мен дыбыстық сиреналардың дайындығы тексеріледі. Оқу-жаттығулар республикалық штабының басшылығы Көкшетау қаласында орналасқан. Практикалық іс-шара еліміздің барлық өңірінде өткізіліп жатыр.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ