ДИКТОР: Биыл «Мерейлі отбасы» облыстық байқауына өңірдің қалалары мен аудандарынан 100-ге жуық отбасы өтінім берді. Солардың бірі – көпбалалы Ғаббасовтар әулеті. Үлгілі жанұяның бірлігі мен өзара сыйластығы көпке үлгі.

РКC: Еламан мен Гүлжан Ғаббасовтар 5 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Үлкен ұлы 19 жаста, кішкентай ханшайым 1-де. Биыл оларға «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға ұсыныс жасаған. Олар бірауыздан келісім береді.

СНХ: ГҮЛЖАН ҒАББАСОВА, "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Байқау онлайн өтті, біз олардың сұрағанын, отбасылық бейнероликті жібердік, балалардың марапаттарын жинадық, менде бар жеке марапаттар, жолдасымның сертификаттары, барлығын жібердік. Екінші кезеңде облысқа бардық, бейнеоператор келіп, сапалы бейнебаян түсірді. Марапаттау рәсіміне қатысуға шақырту алғанымыз туралы хабарлама келді.

РКС: Гүлжан Ғаббасова отбасының бірлігін сақтау мен ошағының берекесін арттыру үшін бар күш жігерін аянбайды. Отбасы мүшелерімен үнемі демалыс ұйымдастыруға, еліміздің әсем жерлерін аралауға күш салуда. Бұл отбасы мүшелерінің бір біріне деген сыйластығы мен сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді дейді.

СНХ: ЖАСТІЛЕК ТӨЛЕУБАЙ, БАЛАСЫ: Мен мұндай жарыстардың көп болғанын қалаймын. Әкем үнемі жұмыста, әпкем жаттығуға барады. Мен бауырларыма қарайласамын. Отбасы мүшелері болып жиі жинала алмаймыз. Бұл жарыс бізді біріктірді деп айта аламын. Менің үлкен отбасым бар, мен оларды жақсы көремін.

РКС: Отбасы өмірдің мәні, жанұяның мықты әрі берекелі болуы үшін отбасылық дәстүрлерді қалыптастыру өте маңызды,-дейді Ғаббасовтар әулетінің мүшелері.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.