ДИКТОР: Қарашаның 15-інде Кеңестер Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің туған күнін жерлестері атап өтеді. Биыл да ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, батырдың рухына тағзым етілді. Іс-шараға мәдениет мекемелері мен қоғам бірлестіктердің, қорғаныс департаменті басшысы мен соғыс және ауған соғысының ардагерлері қатысты.

РКС: Мәлік Ғабдуллин соғыстан еліне аман оралған соң педагогикалық қызметпен айналысты. Сондықтан жерлестері үшін батыр ұрпақ тәрбиесіне араласқан тұлға ретінде де мақтан тұтады. Орталық саябақта орналасқан ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Осындай шара арқылы жастарды отаншылдыққа тәрбиелеп, тәуелсіз еліміздің тарихын, мәдениетін қадірлей білуге үйретуді көздейміз,-дейді ұйымдастырушылар.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ХАБИБОЛЛА ҒАЗИЗОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ: Жиырма екі жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Кешегі Ұлы Отан Соғысында ең тұңғыш қазақтың бірі батыр атағын алып, ерліктің үлгісін көрсетті. Біздер ардагерлер тәуелсіз елдің ұлағат етер осындай патриоттық шараларға қатысып, болашағымыздығ жарқын болуына үлес қосуда басты парызымыз санаймыз.

РКС: Салтанатты шараға Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары да қатысты. Төрегелді Төлеш- 3 курс курсанты, құрметті қарауылдың қатысушысы, оқу үздігі.

СНХ: ТӨРЕГЕЛДІ ТӨЛЕШ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Мәлік атамыздай батыр, халқына адал қызмет ету әр курсанттың арманы. Болашақ жастарды Мәлік атамыздың оқу орнына түсіге шақырамын.

РКС: Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған қазақ батырының ерен ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.