ДИКТОР: Ақмола облысында 8 мың шақырымға жуық жергілікті маңызға ие жол бар. Биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 72 млрд.теңгеге жуық қаражат бөлінді. 130 жоба іске асырылды.

РКС: Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан, бірқатар ірі жобалар қолға алынып, жергілікті маңызы бар жолдың 600 шақырымға жуығы жөнделді.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: "Щучинск-Степняк-Уәлиханов", Астана қаласының шығыс айналма жолынан "Сарыоба" стансасы дейін,"Бабатай-Волгодновка-Береке-Бұлақсай", "Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минское" және "Щучинск-Николаевка" пен "Бурабай-Қатаркөл", "Қорғалжын-Арықты-Сабынды", "Жақсы-Державинск", "Есіл-Свободное-Раздольное" және "Жолымбет-Шортанды-Пригородное" сынды учаскелер күрделі және торташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар, елордаға іргелес жатқан елдімекендердің жолдарына көп көңіл бөлінді.

РКС: Сондай-ақ, аймақта көктемгі су тасқыны кезінде қираған автокөлік жолдары қалпына келтіріле басталды. Арнасынан асқан өзендердің салдарынан жергілікті маңызы бар жолдардың 20 шақырымы жарамсыз болып қалған. Сонымен қатар, Жалтыр-Макинск, Қима-Терісаққан және облыс орталығындағы Әшімов көшесінің бойында орналасқан көпірлердің үстінен қызыл су жүріп кетті. Қазір ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

НХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 15 учаске бойынша жолдар жартылай қалпына келтірілді. Бұл мақсатқа Үкімет резервінен 4,8 млрд теңге қаржы бөлінді. 15 жобаны іске асыру арқылы біз толық және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеміз. Бұл жобалар Астрахан, Атбасар, Есіл, Жарқайың аудандары мен Көкшетау қаласында жүзеге асырылып жатыр.

РКС: Сапа басты назарда. Сондықтан, облыстық бюджеттен жол активтерінің ұлттық сапа орталығына 215 млн.теңге қаражат бөлінді. Орталық бекітілген кестеге сай тексеріс жұмыстарын белсенді жүргізуде.

 ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ