ДИКТОР: Биыл «Көкшетау жылу» кәсіпорнына инвестициялық жобаларға 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінде оның тең жартысына жуығы игерілді. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Былтыр «Көкшетау жылу» кәсіпорынына қарасты жылу желілерінің 6 шақырымы жөнделді. Биыл шаманен тағы 5 шақырымды ауыстыру жоспарланған. Инвестициялық бағдарлама аясында жобаға кәсіпорын өз қаражаты есебінен 200 миллион теңгеге жуық қаражат бағыттамақ.

СНХ: АСҚАР НҰРМАҒАНБЕТОВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» КӘСІПОРНЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында 2,3 миллиард теңгенің жобасы қарастырылған. Соның ішінде Үкімет резерві мен жергілікті бюджет есебінен – 1,6 миллиард теңге, ал кәсіпорынның өз қаражаты есебінен – 650 миллион теңге. Аталған жобалардың орындалу көрсеткіші 90 пайыздан асты. Атқарылған жұмыстар бойынша ескертулер жоқ.

РКС: Былтыр Боровской шағын ауданында 6 шақырымнан астам жылу желісі жөнделді. Биыл Потанин және Саин көшелеріндегі құбыр жолдарды жөндеу екі жылдық жобаға сәйкес қарқынды жүргізілуде. Айта кетейік, Саин көшесі бойындағы желілерді жөндеудің биылғы кезеңін қыркүйектің 1-іне дейін аяқтау жоспарланып отыр.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Саин көшесіндегі жылу желілерін жөндеуге 1,5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бүгінде жұмыстары 95 пайызға аяқталды.

СНХ:ТҰРАР МӘТЕНОВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» КӘСІПОРНЫ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Жөндеу жоспарына сәйкес ірі жобаға 1 миллиард 425 миллион теңгеге бөлінді. Оған ұзындығы 1,2 шақырым болатын ТМ-1 магистральды учаске ауыстырылады. Биыл 270 метрін ауыстыру жоспарланған. Бұл жұмыс аяқталуға жақын. Құбыр жолды түйіндеп, тұтынушыларды желіге қосу ғана қалды. Аталған құбыр желісі 1989 жылы пайдалануға берілген. Ол кезде жерүсті тәсілінде салынған болатын. Қазіргі уақытта құбыр желісі жерастымен өткізілді.

РКС: Айта кетейік, «Көкшетау жылу» мекемесінде автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізіліп жатыр. Ол қаланың кез келген бөлігіндегі апатты жедел түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жобаға 300 милион теңгеден астам қаражат бөлінді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ