ДИКТОР: Конституция күні қарсаңында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қарт азаматтар үшін қаржылық алаяқтықтан қорғану бойынша семинар өтті. Іс-шара белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұйымдастырылып, қарт азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Семинар «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өткізіліп, облыстық полиция, экономикалық тергеу департаменті мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушыларға қаржылық пирамидалардың белгілері, оларды анықтау және келеңсіз салдардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, интернет алаяқтықтың өзекті түрлері – телефон және банк арқылы жасалатын алдау тәсілдері таныстырылды. Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамадағы соңғы өзгерістер бойынша мағлұмат ұсынылды. Қатысушылар жеке қауіпсіздік, қаржының сақталуы және алаяқтық күдігі туындаған жағдайда қолдануға болатын құқықтық тетіктерге қатысты толғандырған сұрақтарына жауап алды.
СНХ: БИБІГҮЛ ОМАРОВА, СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ: Бүгін Ұзақ өмір сүру орталығында қызмет алушылар үшін пайдалы семинар өтті. Алаяқтық пен қаржылық пирамидаларға қатысты көптеген өзекті мәселелер қаралды. Мамандар мұндай жағдайларға қалай тап болмау керектігін, алданбаудың жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Біздің зейнеткерлер үшін бұл – өте құнды кеңестер мен ұсыныстар болды.
ОТВОДКА: Айта кетейік, былтырдың өзінде өңірде 763 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Ал биыл жылдың басынан бері 648 оқиға анықталған. Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға шақырады - күдікті қоңырауларға сенбеуге, жеке деректер мен банк ақпаратымен бөгде адамдармен бөліспеуге кеңес береді.