ДИКТОР: Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттың бірі. Қазақстан Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналуға ұмтылуда. Осы мақсатта аймақта өндірістік ахуалды жақсартуға қатысты ауқымды жұмыстар атқарылып, көлік-логистика саласының көрсеткіштері едәуір артты.
РКС: Ақмола индустриялық аймағында ішкі сұранысты қамтамасыз етумен қатар, сыртқы нарық та қарқынды даму кезеңінде. Жеті айдың қорытындысы бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жөнелту көлемі 163 процентке артып, 2240 миллион тоннаға жетті. 4 мың тоннаға жуық астық жөнелтілді, оның 3600 тоннадан астамы Қазақстан ішінде жүзеге асырылса, қалғаны шетелге экспортталды.
СНХ: АСАН ОСПАНОВ, "ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ" СЕРІКТЕСТІГІ "АҚМОЛА ЖҮК ТАСЫМАЛЫ БӨЛІМШЕСІ" ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Негізінен Орта Азия елдеріне, Қытай және алыс шетелге жөнетіледі. Қазақстан ішінде негізінен оңтүстік өңірлерге, яңни Шымкент пен Алматы тораптарына жібереміз. Арпа экспортына сұраныс жоғары, негізінен Қытайға жөнелтіледі, ал бидайды Орта Азия елдеріне тиейміз. Теміржол түйісу бекетінде және жүктерді экспортқа тапсыру кезінде ешқандай мәселе туындамайды.
РКС: Тағы бір айта кететін мәселе – автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары. Ұлттық құрылтайдың отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кемінде 12 мың шақырым автожолды жаңғырту және жөндеуден өткізу қажеттігін тапсырған еді. Осы бағытта аймақтағы автожолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Өңірде автомобиль жолдарының желісі жақсы дамығаны белгілі. Облыс аумағы арқылы халықаралық көлік дәліздері өтеді. Олар бірінші техникалық санаттағы жолдар. ИНФОГРАФИКА КӨРСЕТІЛЕДІ Биыл облыста 900 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланған. Оған республикалық және облыстық маңызы бар жолдардан бөлек, ауылдық елді мекендердің жолдары да кіреді. Ұзындығы 8 мың шақырымға жуық.
ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ:
ИНФОГРАФИКА:
Республикалық маңызы бар жолдар:
«Жезқазған – Петропавловск»
«Макинск – Ақсу – Торғай»,
«Көкшетау Рузаевка»,
«Көкшетау-Омск»,
«Астана-Қорғалжын»,
«Көкшетау-Зеренді»
ҰЗЫНДЫҒЫ: 2264,5 ШАҚЫРЫМ
Облыстық маңызы бар жолдар:
«Щучинск-Степняк-Валиханово»,
«Бабатай-Волгодновка-Береке-Бұлақсай»,
«Жаңа Қалқұтан-Ақкөл-Азат-Минское»
«Щучинск-Николаевка»,
«Жақсы-Державинск»,
«Астана- Сарыоба станциясы»
ҰЗЫНДЫҒЫ: 2661 ШАҚЫРЫМ
Елді мекендердегі көше - жол желісі:
Қосшы, Талапкер, Караөткел, Қоянды, Аққайын, Жібек Жолы, Қызылжар, Қызылсуат, Ыбырай Алтынсарин, Қажымұқан, Мәншүк, Оразақ, Еркіншілік, Новомарковка, Ақмырза, Ұзынкөл, Домбыралы
ҰЗЫНДЫҒЫ: 2965 ШАҚЫРЫМ
СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ақмола облысында жолдардың ұзындығы 15 000 шақырымды құрайды. Биылғы жылы жолдарды жөңдеуге Республикалық және облыстық бюджеттен 115 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 510 млрд-тан астамы республикалық маңызы бар жолдар. Енді облыстық маңызы бар жолдарды алсақ, елді мекендерді айтсақ, оларға 60 млрд-тан астам теңге қарастырылған.
РКС: Айта кетейік, еліміздегі жүк тасымалының 80 проценттен астамы теміржол арқылы жүзеге асырылады, тек қалған бөлігі ғана автокөлік жолдарына тиесілі. Сондықтан республикалық маңызы бар жолдарды сапалы жөндеу жүк тасымалдаушылармен қатар тауар иелері үшін де аса маңызды. Бұл бағытта аймақтағы көлік-логистика саласы тұрақты өсім көрсетіп, қарқынды дамып келе жатыр.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ