ДИКТОР: Алғашқы жартыжылдықта облыстың экспорттық өнім көлемі шамамен 238 миллион АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 17 проценттен асты. Бүгінде өңірдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту – басым бағыттың біріне айналып отыр.

РКС: Аймақта шет мемлекеттермен тату көршілік байланыс орнаған. Бүгінде жергілікті өндірушілердің өнімі әлемнің 26 еліне экспортталады. Экспорт құрылымында ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіптік тауарлардың үлесі басым.

СНХ: ИЛЬЯС ӨТЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысы үшін сыртқы экономикалық байланысты дамыту – басым бағыттың бірі. Облыс аумағында өнімін 26 елге экспорттайтын 50-ден астам компания жұмыс істейді. Негізгі серіктестеріміз – Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия және Иран.

РКС: Экспорттқа шығарылатын өнімнің төрттен бірі бидайға тиесілі. Екінші орында – подшипниктер, шамамен 16 пайыз. Бидай, мен ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы, ұн, сүт және ет өнімдері, жұмыртқа сыртқы нарыққа жөнелтілетін негізгі тауарлар. Сонымен қатар, машина жасау және химия өнеркәсібінің өнімдері де экспортталуда.

СНХ: ДАНИЯР ӘСЕНОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Біз полипропиленді полиэтилен қаптамаларын өндіреміз. Негізінен Қазақстанның ішіне жөнелтеміз. Нарықты толық қамтимыз. Сонымен қатар, орта есеппен 15 пайыз өнім экспортталады. Негізгі тұтынушыларымыз – Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Армения. Мемлекеттік қолдау көбіне қаржыландыруға байланысты. Сондай-ақ, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, субсидияларға арналған мемлекеттік бағдарламаларды белсенді қолданамыз.

РКС: Осылайша, Ақмола өңірі тек дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерімен ғана емес, өнеркәсіптік өндіріс тауарларымен де әлемдік саудадағы орнын нығайтып келеді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ